Вакцинация көкжөтелден қорғаудың сенімді әдісі

Көкжөтел жағдайларының көбеюі табындық иммунитеттің төмендеуімен байланысты.

АУРУДЫҢ ЕҢ КҮРДЕЛІ АҒЫМЫ ЖАС БАЛАЛАРДА БАЙҚАЛАДЫ

Көкжөтел ауа тамшылары арқылы, жөтелгенде, түшкіргенде, науқас сөйлескенде таралады.

ИНФЕКЦИЯНЫҢ КӨЗІ - ЕГІЛМЕГЕН БАЛАЛАР.

Вакцинация - инфекциялардан қорғанудың жалғыз жолы.

Сіздің балаларыңыздың денсаулығы сіздің қолыңызда екені есіңізде болсын!

КӨКЖӨТЕЛДІҢ БЕЛГІЛЕРІ

Алдымен балада жалпы суықтың белгілері пайда болады:

  • мұрыннан су ағу;
  • температураның көтерілуі;
  • қалыпты жөтел.

Бірте-бірте жөтел күшейіп, ұстама тәрізді болады, бірнеше рет қайталанады.

 

ВАКЦИНАЦИЯ - КӨКЖӨТЕЛДЕН ҚОРҒАУДЫҢ СЕНІМДІ ӘДІСІ

Көкжөтелден қорғаудың жалғыз сенімді және тиімді әдісі – вакцинациялау болып табылады. Көкжөтелге қарсы егу 2 айдан бастап (2, 3 және 4 айда) үш рет жүргізіледі.

Сондай-ақ 1,5 және 6 жастағы көкжөтелге қарсы ревакцинациялау жүргізіледі.

КӨКЖӨТЕЛГЕ ҚАРСЫ ВАКЦИНАЛАР ТУРАЛЫ

Республикада 2 жасқа дейінгі балаларды иммундау үшін аралас бес және алты компонентті вакциналар, 6 жастағы балалар үшін - Еуропалық өндірістегі үш компонентті вакцина (Санофи Пастер С.А., Франция) пайдаланылады.

Вакцинацияланған балалар арасында иммундаудан кейін елеулі қолайсыз көріністердің жағдайлары тіркелген жоқ.

Күтілетін реакциялар инъекция жасалған жерде дене температурасының қысқа мерзімді жоғарылауы, қызаруы және тығыз болуы ретінде тіркеледі.

Көкжөтелге қарсы екпелерді №15 Қалалық емханадан 135-кабинеттен Р. Қошқарбаев даңғылы, 64 мекенжайынан тегін алуға болады.

Тіркеу телефоны:

87172266414 - (Р. Қошқарбаев даңғылы, 64);

87172280478 - (Р. Қошқарбаев даңғылы, 64);

87172266415 - (Р. Қошқарбаев даңғылы, 60).