Қызылшаны алдын алудың жалғыз сенімді құралы-уақтылы вакцинациялау

Астанада қызылшамен сырқаттанушылықты тіркеу жалғасуда, осыған байланысты ата-аналар балаларында қызылшаға қарсы екпелердің болуын тексеруі қажет.

Вакцинациялау болмаған жағдайда, тіркелген жері бойынша емханада вакцинация алуды ұсынамыз.

ҚЫЗЫЛША АСҚЫНУЛАРМЕН ҚАУІПТІ

Қызылшаның белгілері ЖРВИ белгілеріне ұқсас: дене температурасының жоғарылауы, жөтел, аурудың 4-5 күнінен бастап бөртпе пайда болады.

Қызылша асқынулармен қауіпті: Энцефалит; Пневмония; Отит.

ҚЫЗЫЛШАНЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ЖАЛҒЫЗ СЕНІМДІ ҚҰРАЛЫ-УАҚТЫЛЫ ВАКЦИНАЦИЯЛАУ.

Вакцинациялау 1 және 6 жастағы балаларға жүргізіледі.

 

Вакцинациялау арқылы - балаларыңызды қызылшаның ауыр түрінен және оның салдарынан қорғайсыз.

ҚАЗАҚСТАНДА ҚЫЗЫЛШАҒА ҚАРСЫ ДДҰ СЕРТИФИКАТТАЛҒАН ҚАУІПСІЗ ЖӘНЕ ТИІМДІ ВАКЦИНА ҚОЛДАНЫЛАДЫ

ҚР-да вакцинаны енгізуге байланысты иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер тіркелген жоқ. Күтілетін реакциялар – дене температурасының қысқа мерзімді жоғарылауы, вакцина енгізілген жердің қызаруы, ісінуі тіркеледі.

Қызылшаға қарсы екпелерді №15 Қалалық емханадан 135-кабинеттен Р. Қошқарбаев даңғылы, 64 мекенжайынан тегін алуға болады.

Тіркеу телефоны:

87172266414 - (Р. Қошқарбаев даңғылы, 64);

87172280478 - (Р. Қошқарбаев даңғылы, 64);

87172266415 - (Р. Қошқарбаев даңғылы, 60).