Сіздерді Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
“Отан отбасынан басталады”,- деп бекер айтылмаған, адам баласына берілетін тәрбиенің негізі отбасында қалыптасып, үлкен өмірге де осы шаңырақтан қанаттанады.
Отбасы – қоғамның басты тірегі, Отанымыздың ошағы. Жанұяның береке-бірлігі әр сәбидің, әр баланың бақытты болашағы. Біздің мемлекетіміздің маңызды саяси бағыты – осы институтты берік сақтай білу.
Отбасы күні біздің қоғамымызда руханилықты, өнегелілікті нығайтуға, ерлі-зайыптылар жауапкершілігінің маңыздылығын сөзсіз мойындауға ықпал етеді.
Отбасы күні тұрғындарына амандық және баянды отбасылық бақыт әкелсін.