Астана қаласы әкімдігінің «№15 Қалалық емхана» ШЖҚ МКК қарасты мекенжайда тіркелген 0-5 жас ерте жастағы балаларды скринингтен өтуге Р. Қошқарбаев даңғылы, 64 мекенжайы бойынша 133-кабинетке шақырамыз!
" Балаларға скринингті ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" ҚР ДСМ 09.09.2010 ж №704 бұйрығы, ҚР ДСМ № 91 бұйрығы 25.08.2021 ж негізге ала отырып, Балалардың туа біткен және тұқым қуалайтын ауруларын алдын алу, сырқаттанушылығы мен мүгедектігін төмендету болып табылады.
Ерте жастағы балалардың психофизикалық дамуының скринингі: 3 ай, 6 ай, 9 ай, 1 жас, 1 жас 6 ай, 2 жас, 2 жас 6 ай, 3 жас, 4 жас, 5 жастағы балаларды қамтиды.
Ерте жастағы балалардың нейропсихикалық дамуын бағалау баланың физикалық, ақыл-ой, әлеуметтік дамуын анықтау және бейінді мамандардың балаға уақытылы медициналық көмек көрсетуі үшін жүргізіледі. одан әрі зерттеп - қарау, уақытылы араласу және оңалту үшін психофизикалық дамуының бұзылу қаупі бар балаларды ерте анықтау болып табылады. Психофизикалық дамуының бұзылу қаупі бар балаларды тереңдетілген педагогикалық зерттеп - қарау және түзету-дамыта оқыту мәселелерін шешу үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияға жіберіледі.
Ерте жастағы балалардың аудиологиялық скринингі: 3 ай, 1 жас, 2 жас, 3 жас, 6 жастағы балаларды қамтиды.
Аудиологиялық скрининг жаңа туған нәрестелердің, ерте жастағы балалардың есту қабілетінің бұзылуын уақытылы анықтау, ерте араласу, мүгедектікке әкелетін ауруларды оңалту және алдын алу үшін жүргізіледі. Есту қабілетінің бұзылуы (құлақ мүкістігі және кереңдік) қаупі бар балаларды одан әрі тереңдете тексеру үшін сурдологиялық кабинетке жолданады..Есту қабілеті бұзылған балаларды тереңдетілген педагогикалық тексеру және түзете-дамыта оқыту мәселелерін шешу үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияға жіберіледі.
Тіркеу телефоны:
87172266414 - (Р. Қошқарбаев даңғылы, 64);
87172280478 - (Р. Қошқарбаев даңғылы, 64);
87172266415 - (Р. Қошқарбаев даңғылы, 60);
87172579394 - (Шалқоде көшесі, 2);
87056164552 - Аға тіркеуші.