- Толығырақ
-
Жарияланды 14.12.2023 16:48
-
Қаралды: 740
Ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты, суықтап қалуда және түрлі дәрежедегі үсіктен сақтану үшін, алдын алу шараларын қабылдауды және туындаған жағдайда алғашқы көмекті дұрыс көрсетуді сұраймыз.
Алдын алу шаралары:
- жылы киіну керек,
- киім көп қабатты болуы керек (ауа ағыны денеңіздің жылуын сақтайды),
- үйде ауыстыратын аяқ киім киіңіз (көшеге киетін аяқ киім құрғақ болуы керек),
- қысқы аяқ киімнің табаны қалың, жылы болуы керек,
- көшеде бетіңізді, құлағыңызды, мұрныңызды, білегіңізді, саусақтарыңызды және тобығыңызды ашық қалдырмауға тырысыңыз,
- металдан жасалған әшекейлерді тақпаңыз, өйткені олар суық тартады,
- далаға шығар алдында теріге ылғалдандырғыш крем жақпаңыз, өйткені олар үсуге ықпал етеді.
- оны аяздан үйге кіргеннен кейін біраз уақыттан соң қолданыңыз.
Аяз күндері тамақтану:
- далаға аш күйінде шықпаңыз, өйткені суыққа қарсы тұру үшін денеге көп энергия қажет,
- спирттік ішімдіктерді ішпеңіз, өйткені олар денені жылытпайды, қайта жылуды жоғалтуға мүмкіндік туғызады, сіз жылынған сияқты жалған сезімде боласыз,
- темекі өнімдерін пайдалану дененің жылуын сақтау үшін қажетті перифериялық қан айналымын төмендетеді.
Дәрігердің көмегі қашан қажет болады?
- егер адамның киімін ауыстырып, көмек көрсеткеннен кейін де денесі жылымаса, ауырсыну күшейсе, тері қабаттары суық және бозғылт болатын болса, жедел медициналық көмекті дереу шақыру керек.
Мүлдем болмайды:
- қармен ысқылауға болмайды, өйткені зақымданған жерлердің қан тамырлары нәзік болады, ал қармен ысқылау оларды зақымдауы мүмкін.
- ыстық сумен жылытуға болмайды, өйткені температураның күрт өзгеруі қан айналымы процесін қалпына келтіруге мүмкіндік бермейді,
- мазь немесе май жағуға болмайды, бұл терінің жарақатына алып келеді, оның салқындауын күшейтеді,
- зардап шеккен адамға кофені немесе спирттік ішімдіктерді толық қалпына келтірілгенге дейін бермеңіз, бұл қан тамырларының күрт кеңеюіне алып келеді, олардың жарылуына немесе жүрек қызметінің бұзылуына әкеп соқтыруы мүмкін.