АНТИБИОТИККЕ ТӨЗІМДІЛІКТІҢ НЕГІЗГІ ФАКТІЛЕРІ

 

18-24 қараша аралығында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен Дүниежүзілік микробқа қарсы препараттарды дұрыс қолдану апталығы өтеді.

АНТИБИОТИККЕ ТӨЗІМДІЛІКТІҢ НЕГІЗГІ ФАКТІЛЕРІ:

Антибиотиктерге төзімділік – адам денсаулығына, азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндіретін факторлардың бірі.

Антибиотиктің әсеріне тұрақтылық қалыптастырған бактериялар қай елді мекендегеніне қарамастан, кез-келген адамға жұғуы мүмкін.

Антибиотиктерге төзімділік - бұл табиғи құбылыс, бірақ адамдардың антибиотиктерді дұрыс қолданбауы және оларды жануарларға дұрыс пайдаланбауы, үрдісті тездетеді.

Антибиотиктердің тиімділігінің төмендеуіне байланысты инфекциялық ауруларды (мысалы, пневмония, туберкулез, сальмонеллез) емдеу қиындай түсуде.

Антибиотиктің әсеріне тұрақтылық қалыптастырған бактериялар жұққан жағдайда науқастардың ауруханада ұзақ уақытемделуіне, емге кететін шығынның өсуіне,тіпті өлімге әкеліп соқтырады.

АНТИБИОТИККЕ ТӨЗІМДІЛІКТІҢ ТАРАЛУЫН БОЛДЫРМАУ ҮШІН СІЗ НЕ ІСТЕЙ АЛАСЫЗ?

  • антибиотиктерді дәрігердің нұсқауы бойынша қабылдаңыз;
  • антибиотиктерді қолданғанда әрдайым дәрігердің ұсыныстарын ұстаныңыз;
  • ешқашан антибиотиктерді басқа адамдарға бермеңіз және қалған антибиотиктерді ешқашан пайдаланбаңыз;
  • уақтылы екпе (вакцинация) арқылы жұқпалы аурулардың алдын алыңыз;
  • жеке бас гигиена ережелерін сақтаңыз және ауырған науқастармен тығыз байланыста болмаңыз;
  • пайдаланылмаған антибиотиктерді қауіпсіз жою үшін дәріханаға апарыңыз. Антибиотиктердің қоршаған ортаға түспеуі өте маңызды!

АНТИБИОТИКТЕРДІҢ КУРСЫН ТОЛЫҚ АЯҚТАМАУ АНТИБИОТИККЕ ТӨЗІМДІЛІКТІ ТУДЫРАДЫ МА?

Егер сіз антибиотикпен емді толық аяқтамасаңыз, сіздің ауруыңызға себеп болған барлық бактерияларға антибиотик әсерін тигізбейді және бұл бактериялар өзгеріп,төзімділік қасиетке ие болады. Сіз өзіңізді ертерек жақсы сезінсеңіз де, дәрігердің тағайындаған емдеу курсын толық аяқтасаңыз, сіз барлық бактерияларды өлтіру ықтималдығын арттырып, антибиотикке төзімділіктің даму қаупін төмендетесіз.