Қазақстанда 1 қазаннан бастап жүкті әйелдер және барлық ересек тұрғындар үшін тұмауға қарсы иммундау науқаны басталды.
ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕ ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛУҒА БОЛА МА?
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы жүкті әйелдерді тұмауға қарсы вакцинациялау бағдарламасын жүзеге асыруда. Жүкті әйелдерге тұмауға қарсы вакцинация екінші триместрдің басында жасалады, әсіресе жүктілік эпидемияның маусымдық кезеңінде болса. Тұмау - инфекциялық ауру, ағзаның штаммына және иммундық реакциясына байланысты ол оңай өтуі мүмкін немесе ауыр асқынулар мен салдарға әкелуі мүмкін.
Жүкті әйелдерді тұмауға қарсы вакцинациялау Еуропа мен Американың көптеген елдерінде 20 жылдан астам уақыт бойы жүргізіліп келеді, ал иммунологиялық тиімділігі 70-85 %-ға жетеді.
Жүкті әйелдерді тұмауға қарсы вакцинациялау кезінде, ең алдымен, әйел науқас адаммен эпидемиялық байланыста болған жағдайда инфекцияны жою немесе шектеу мақсаты қойылады.
Жүктілік - организмнің қорғаныш күші табиғи түрде төмендейтін физиологиялық жағдай, ананың иммунитеті төмендейді, бұл әртүрлі инфекциялық агенттерге қарсы тұру қабілетінің төмендеуіне әкеледі және тұмау вирусын да жоққа шығаруға болмайды. Жүкті әйелдерде тұмаудың асқынуы жиі кездеседі: вирустық, бактериялық пневмония және аралас этиологияның өкпе қабынуы, синусит, бронхит, отит, пиелонефрит және т.б.
Вакцинациядан кейінгі кезеңде әйелдерде арнайы протективті иммунитет қалыптасады, кейіннен шарананың және жаңуа туған нәрестелерді трансплацентарлы қорғайды. Вакцинация балаға берілетін және өмірдің алғашқы 6 айында инфекциядан қорғайтын тұмауға қарсы антиденелерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Тұмауға қарсы уақтылы вакцинация тек қана ананы емес, нәрестені де қорғауға көмектеседі және жүкті және бала жоспарлайтын барлық әйелдерге ұсынылады.
Ауруды емдеуден гөрі алдын алу оңайырақ екені есіңізде болсын.
Біз өз денсаулығымыз үшін және балаларымыздың денсаулығы үшін жауаптымыз.
Акушер-гинеколог және терапевт дәрігерлерінің қорытындыларымен жүкті әйел Р.Қошқарбаев даңғылы, 64 мекенжайы бойынша №15 Қалалық емханаға, тұмауға қарсы вакцинация жасау үшін №135 егу кабинетіне жүгіне алады. Тіркеу орнының телефоны 87172266414, аға тіркеуші 87056164552.