Жоспар бойынша 29.09.23ж. Белсенді ұзақ өмір сүру мектебінде "Қант диабеті" тақырыбы бойынша сабақ өткізілді. Дәріскер № 15 ҚЕ эндокринолог дәрігері Мырзағалиева Ж.К. болды. Сондай-ақ, барлық қатысушыларға медбике Абденбаева А.К. қан қысымын, қантты және зәр қышқылының деңгейін өлшеді. Барлығына көрсеткіштер түсіндіріліп, ұсыныстар берілді.
Естеріңізге сала кетейік, барлық ниет білдірушілер Шалқоде көшесі, 3 мекен-жайы бойынша өтетін Белсенді ұзақ өмір сүру мектебіне қатыса алады. Барлық сұрақтар бойынша №15 ҚЕ СӨС дәрігеріне Алимова С.Б., каб. 301 (Р.Қошқарбаев даңғылы, 64), тел. 87073216414 хабарласыңыз.