Дүниежүзілік құтыруға қарсы күрес күні

Дүниежүзілік құтыруға қарсы күрес күні ДДСҰ бастамасымен құрылды және жыл сайын 28 қыркүйекте атап өтіледі. Бұл күн осы аурудың таралу проблемасына, сондай-ақ оның салдарына назар аударуға арналған.

Құтыру - бұл адамдар мен жануарлардың аса қауіпті, өлімге әкелетін инфекциялық ауруы. Адам мынадай жағдайда құтыруды жұқтыруы мүмкін - жануарлар  теріні, шырышты қабаттарды сілекейлегенде немесе жанасқанда, жабайы және үй жануарлары, сондай-ақ жарқанаттар тістегенде.

 

Негізгі алдын алу шаралары:

- үй жануарларын құтырма ауруына қарсы егіңіз, жануардың әдеттен тыс мінез-күйі анықталған жағдайда ветеринариялық маманға хабарлаңыз;

- жануар тістеген жағдайда зардап шеккен адамды құтқарудың бірден бір жолы уақтылы екпе жасау болғандықтан,  медициналық мекемеге дереу жүгініңіз.

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!