1 ҚАЗАННАН БАСТАП ЕЛОРДАДА ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ИММУНДАУ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ

2023 ЖЫЛДЫҢ 1 ҚАЗАННАН БАСТАП ЕЛОРДАДА ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ИММУНДАУ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ.

Тұмау кенеттен басталады, дененің қызуы тез көтеріледі. Организмнің айқын интоксикациясы байқалады, оның белгілері: қалтырау, әлсіздік, бұлшықеттің және бастың ауыруы, бүкіл дененің сырқырауы, кеуденің артқы жағы ауырып, құрғақ жөтел пайда болады. Басқа вирустық инфекция (ЖРВИ, аденовирустық инфекция және басқалары) кезінде әдетте катаральдық белгілер басым болады, яғни мұрын бітеледі, тамақ ауырады, содан кейін осы катаральдық белгілерімен қатар дене қызуы көтеріледі.
Айта кетері, жыл сайын әлем халқының 15% - ы тұмаумен ауырады және тұмау әлеуметтік маңыздылығы бойынша барлық аурулар арасында бірінші орында тұр. Аурудың алдын алудың ең тиімді әдісі - вакцинация.
1 қазаннан бастап Р. Қошқарбаев даңғылы, 64 мекенжайы бойынша №15 Қалалық емханада 135-кабинетте тұмауға қарсы екпе алуға болады. Тіркеу орнының телефоны 87172266414, аға тіркеуші 87056164552.