Компьютердің ерте жасында жиі қолданылуы көзді басқаратын бұлшықеттерге кері әсерін тигізіп, баланың белгілі бір тақырыпқа, әсіресе оқу сияқты іс-шараларға зейінін аударуы өте қиынға соғады. Егер бұл орын алса, сізге көзілдірік киюге тура келеді. Жалпы ұсыныстар – 3 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға – тәулігіне гаджеттерді пайдалану 15 минуттан аспайды.
Оқу сағаты ішінде мектепке дейінгі ұйымдардағы және мектептердегі тікелей компьютерлер мен ноутбуктермен өткізілетін сабақтардың үздіксіз ұзақтығы төмендегілерге сәйкестенеді:
• мектепке дейінгі ұйымдар мен 1 сыныпта – 15 минуттан аспайды;
• 2 - 3 сыныптарда – 20 минуттан аспайды;
• 4 - 5 сыныптарда – 25 минуттан аспайды;
• 6 - 8 сыныптарда – 30 минуттан аспайды;
• 9 - 11 (12) сыныптарда – 35 минуттан аспайды.