Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинацияны ұйымдастыру 2021 жылдың 1 ақпанынан басталды.
КВИ-ге қарсы профилактикалық егулерге Қазақстан аумағында 3 ай және одан көп тұратын, КВИ жұқтыру қаупі жоғары шетел азаматтарын қоса алғанда, адамдар, сондай-ақ осы инфекцияға қарсы профилактикалық егуді алғысы келетін адамдар жатады.
Коронавирусқа қарсы Вакцина 21 күндік аралықпен екі кезеңде енгізіледі. Бірінші доза антиденелердің аз мөлшерін өндіруге байланысты қысқа қорғаныс әсерін береді. Екінші доза біріншісінің әсерін күшейтеді және бекітеді, адам ағзасындағы антиденелер саны артады.
Вакциналар қазіргі медицинадағы ең маңызды жетістіктердің бірі болып табылады және вакциналардың арқасында бүкіл әлемде вакцинамен басқарылатын инфекциялардан болатын ауру мен өлім-жітім азайды!
Сіз №15 Қалалық емханада, Р.Қошқарбаев даңғылы, 64, 130 кабинетте сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін коронавирустық инфекцияға қарсы профилактикалық егуді тегін ала аласыз.