Жұмысы компьютерде ұзақ уақыт кеңседе болумен немесе бір қалыпта болумен байланысты адамдарға арналған пайдалы ұсыныстар:
Әрбір сағат сайын жұмыс орнынан тұрып, буындарды созып, қанның бүкіл денеде жақсы айналуына мүмкіндік беріңіз.
Егер көп жұмыс жасасаңыз және басқа нәрсеге уақыт бөлу мүмкін болмаса, жұмыс орнында жеңіл жаттығу жасаңыз: басыңызды еңкейтіңіз, иығыңызды айналдырыңыз, аяғыңызды сәл көтеріңіз және бірнеше айналмалы қозғалыстар жасаңыз.
Кешке қарай жұмыс үстелінде ыңғайсыз, бұралған күйде ұзақ уақыт болу сізге арқаның ауырсынуын қосады. Жұмыста үзіліс кезінде қабырғаға жақындап, оған арқаңызды тигізіңіз. Кем дегенде екі минут осылай тұрыңыз.
Белдегі ауырсынуды жеңілдету үшін-орындықты үстелден итеріп, аяғыңызды созып, аяғыңыздың ұшына қолыңызды созыңыз. Бұл жаттығу кезінде бүкіл денеңізді, әсіресе мойныңызды босаңсытуға тырысыңыз.
Кеңседе ғана емес, қарапайым өмірде де көбірек қозғалуға тырысыңыз. Лифттің орнына баспалдақты пайдаланыңыз, көлікті кеңседен алыс қойыңыз немесе серуендеу үшін автобустан бірнеше аялдамаға ерте шығыңыз.