Қызылша

Ағымдағы жылы біз қызылшамен сырқаттанушылықтың өсуін байқап отырмыз, ҚР ДСМ деректері бойынша бүгінгі күні Қазақстан бойынша қызылшаның 3 037 жағдайы тіркелген. Аурудың өсуінің себебі қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинацияланбаған балалар санының артуы болып табылады, бұл егілмеген балалардың арасында сырқаттанушылықтың 72% -ында тіркелуімен расталады Егілмегендердің 60%-ы ата-аналардың вакцинациялаудан бас тартуына (1 282), сонымен қатар медициналық қарсы көрсетілімдер себебінен науқастардың 20%-ы вакцинацияланбауынан (416) және егу жасына жетпегендіктен 20%-ының ауыруына байланысты (431).

Вакцинациялау балаларды ауыр инфекциялық аурулардан қорғаудың жалғыз жолы болып қала береді. Қазақстан Республикасының Ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес ККП вакцинасы 12-15 айлық және 6 жастағы балаларға енгізіледі. Қызылшаға қарсы вакцинацияны мына мекен-жай бойынша алуға болады: Р.Қошқарбаев даңғылы, 64, 135 кабинетте.