Бүгін 2023 жылғы 3 тамызда Дүниежүзілік бала емізу апталығы аясында №15 ҚЕ қызметкерлері жүкті әйелдер үшін ақпараттық-түсіндіру сұхбатын өткізді.
Бала емізу мәселелері бойынша - №15 ҚЕ медбикесі К. А. Умирзакова сөз сөйледі.
"Босанғаннан кейінгі депрессия" тақырыбы бойынша №15 ҚЕ психологы Ж. А. Алиакпарова сөз сөйледі.
"Вакцинация және вакцинациядан бас тартудың салдары" тақырыбы бойынша №15 ҚЕ медбикесі А. Т. Омарова сөз сөйледі.
Барлық тыңдаушылар барлық қызықтырған сұрақтарға жауап алды, сондай-ақ осы тақырып бойынша ақпараттық материал таратылды.
Емшек сүті - нәрестелер үшін мінсіз тағам екенін атап өткіміз келеді. Ол қауіпсіз, зиянсыз және көптеген жалпы балалық ауруларынан қорғауға көмектесетін антиденелерден тұрады. Ақуыздар, майлар, минералдар мен дәрумендер ему кезінде жақсы сіңеді.
Сізді қызықтыратын барлық сұрақтар бойынша сіз өзіңіздің дәрігеріңізден немесе медбикеңізден байланыса аласыз.