Жыл сайын 1 тамызда Дүниежүзілік өкпе обырына қарсы күрес күні атап өтіледі

Жыл сайын 1 тамызда Дүниежүзілік өкпе обырына қарсы күрес күні атап өтіледі. Бұл күннің мақсаты - халықтың осы ауру туралы, оның адам денсаулығына әсері, қауіп факторлары, оны анықтау, алдын алу және емдеу әдістері туралы хабардар болу деңгейін арттыру.

Өкпенің қатерлі ісігі - қатерлі ісіктердің ең көп таралған түрлерінің бірі және онкологиялық патологиядан болатын өлімнің ең көп тараған себебі.

Мамандар өкпенің қатерлі ісігінің өсуін аурудың дамуында маңызды рөл атқаратын факторлардың таралуымен байланыстырады. Бірінші кезекте - темекі шегу, зиянды өнеркәсіптердің дамуы (уран, радиация, асбест) және экологиялық жағдайдың нашарлауы. Көбінесе өкпенің онкопатологиясы флюорография кезінде анықталады, ол профилактикалық тексеруден өту кезінде де жүзеге асырылады. Бұл тексерулерден үнемі өту маңызды, өйткені ауруды ерте анықтаған кезде барлық қатерлі ісік ауруларының 90% - дан астамын емдеуге болады!

Сіз біздің №15 ҚЕ филиалында Шалқоде көшесі, 2 мекен-жайы бойынша флюорографиядан өте аласыз.