Туберкулез туралы не білу қажет?

Туберкулез – туберкулез микобактериясын (ТМБ) тудыратын жұқпалы ауру. Көбінесе өкпені зақымдайды. Бірақ өкпеден тыс туберкулез де кездеседі.

Туберкулез диагностикасы Өкпе туберкулезінің негізгі белгілері – 2 немесе одан да көп аптаға созылатын жөтел.

Қосымша белгілері:

  • салмақ жоғалту;
  • тершеңдік;
  • кеуде қуысының ауыруы;
  • жалпы әлсіздік және тез шаршау;
  • дене қызуының көтерілуі.

Сырқаттың белгісі бірнеше ай бойы жеңіл түрде көрінуі мүмкін. Асқынулардың алдын алу үшін аурудың белгісі пайда болған кезде өзіңізді және жақындарыңызды қорғау үшін туберкулез белгісі бар адам мүмкіндігінше ерте тексерістен өтуі керек.

Біздің емханада - Шалқоде көшесі, 2 мекенжайы бойынша тегін Туберкулезге тексерілуге болады.