Қазіргі заманғы медицина В гепатитінің алдын алуға және емдеуге, ал С гепатитінің толық емделуіне қол жеткізді.
Алғаш рет ИФТ диагностикасы мен оң ПТР диагностикасының нәтижелері бойынша В немесе С вирустық гепатитінің белгілерін байқасаңыз, АЛТ, АСТ бауыр көрсеткіштерінің түсініксіз жоғарылауымен тегін дәрі-дәрмек алу үшін тұрғылықты жеріңіздегі емханаға немесе тіркелген медициналық ұйымға баруыңыз керек.
Сізге гастроэнтерологқа/гепатологқа, жалпы практика дәрігеріне немесе инфекционистке жазылу керек.
Содан кейін науқас вирусқа қарсы терапияны тағайындау үшін гепатологиялық орталыққа жіберіледі. Қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда пациент емдеудің барлық курсына тегін дәрілік препараттарды алады.
Гепатологиялық орталықтар әртүрлі этиологиядағы және ауырлық дәрежесіндегі бауырдың вирустық ауруларын диагностикалау мен емдеумен тікелей айналысатын инфекционист дәрігерлерді, гастроэнтерологтарды қабылдау, кеңес беру бойынша қызмет көрсетеді.
Пациенттердің кейбір топтары 132 кабинетінде (Р.Қошкарбаев даңғылы, 64) В және С вирусты гепатиттерін ерте анықтау бойынша скринингтік тексерулер тегін жүргізіледі. Тәуекел тобына кім кіретінін алдыңғы посттан білуге болады.