В және С вирустық гепатитінің қалай алдын алуға болады?

Инфекцияны болдырмаудың сенімді әдісі - В гепатитіне қарсы вакцинация. Қауіпсіз және сенімді вакциналар бар. 6 ай ішінде вакцинаның үш инъекциясын жүргізу ұсынылады. Кез-келген жастағы адамдар үшін вакцинация жасатуға болады. Әсіресе жұғу қаупі жоғары адамдарға вакцинация өте маңызды.
С гепатитіне қарсы вакцина әлі жоқ.



Келесі ережелерді әрқашан есте сақтау керек:

  • егер сізде терінің немесе шырышты қабықтың ең аз зақымдалуымен кез-келген хирургиялық араласу жоспарланған болса, міндетті түрде В және С гепатитінің маркерлеріне ИФТ диагностикасынан өтіңіз;
  • контрацепцияның тосқауыл әдістері туралы ұмытпаңыз, бұл В және С гепатитін жұқтыру қаупін едәуір азайтады;
  • жүкті әйелдер В гепатитіне тексерілуі керек. Анада инфекция анықталған жағдайда, жаңа туған нәрестені туғаннан кейінгі алғашқы 12 сағатта вакцинациялау керек.
  • есірткі қабылдамаңыз;
  • В және С гепатиті вирусын жұқтырғандар ешқашан екінші тұлғаларға қанның ізі қалуы мүмкін жеке тұрмыстық заттарды (мысалы, ұстаралар, тіс щеткалары, маникюр қайшылары) пайдалануға бермеуі тиіс;
  • татуировка немесе пирсинг жасайтын адамдар жұқтыру қаупі бар, өйткені басқа адамдардың қаны аспаптарда қалуы мүмкін;
  • В және С гепатитімен ауыратын немесе ауырып жазылған адамдар қан, ағзалар мен тіндердің донорлары бола алмайды;
  • кесу, сызаттар жабылуы керек және оларға қол тигізбеу керек;
  • алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде, тіпті қан кетуімен теріге манимальды зақым келсе де, бір реттік медициналық қолғапты қолдану, оны медициналық көмек көрсетілгеннен кейін жою.


Біздің емханада 132 кабинетте (Р.Қошқарбаев даңғылы, 64) В және С вирусты гепатиттерін ерте анықтау бойынша тәуекел топтарына скринингтік зерттеу жүргізілуде.
Тәуекел топтары:
1) медицина қызметкерлері;
2) жоспарлы және шұғыл операциялық араласуларға түсетін пациенттер;
3) гемодиализ, гематология, онкология, транспланттау, жүрек-тамыр және өкпе хирургиясы орталықтары мен бөлімшелерінің пациенттері;
4) қан құйылатын, ағзаларын, тіндерін, жынысын, ұрықты, дің жасушаларын және биологиялық материалдарды трансплантациялау және трансплантациялауды алатын науқастар;
5) жүкті әйелдер.