Өзіңізді емханаларға тіркегеннен кейін, келесі қадам – 10 апта ішінде емделуге медициналық есепке тұру үшін тіркелу қажет. Консультацияға ертерек келіп, жүгіну жүктіліктің асқынуларын анықтауға және босанудың нақты күнін анықтамас бұрын жүктілік жоспарын жасауға мүмкіндік береді.
Негізінен жүкті әйел нақты тұрғылықты жері бойынша акушер-гинекологқа жүгінуі керек.
Тіркеу үшін келесі құжаттар қажет:
- Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірмесі - 2 дана)
- Флюорография
- Микрореакцияның талдау анализі
- Жүктіліктің 12 аптасына дейін өткен алғашқы УДЗ
- Күйеудің жеке куәлігінің көшірмесі (егер сіз некеде болсаңыз)
- Неке туралы куәліктің көшірмесі (егер сіз некеде болсаңыз)
- Күйеуінің флюорографиясы (егер сіз некеде болсаңыз)
- Күйеуінің АИТВ-инфекциясын талдау анализі (егер сіз некеде болсаңыз)
Барлық қажетті құжаттарды ұсынғаннан кейін және тіркеу орнында беретін кейбір сауалнамаларды толтырғаннан кейін сізге 3 негізгі құжат беріледі:
- Амбулаториялық карта
- Айырбастау картасы (048/ у нысаны), ол әрқашан сізбен бірге болуы керек
- Жүкті әйелдің жеке картасы (077/у нысаны).
Есте сақтау маңызды!
Жүктіліктің барлық кезеңінде әйел бірқатар сынақтардан өтіп, кешенді тексеруден өтуі керек. Олардың негізгілері-есепке алу кезіндегі талдаулар, сондай-ақ триместрлердің әрқайсысында бір-бірден скринингтер (жүктіліктің 12, 20 және 30 аптасы).
Сіз " Дәрігердің қабылдау кестесін" көре аласыз немесе тіркеушіге қоңырау шала аласыз
Мекен-жайы: Р.Қошқарбаев даңғылы, 64, телефоны: 87172266414, аға тіркеуші 87056164552.
№15 ҚЕ филиалы, мекен-жайы: Шалқоде көшесі, 2, телефон: 87172249394.