ЮНИСЕФ мектептегі буллинг немесе қудалау сияқты қазіргі заманның күрделі мәселесін көтеруде.
ЮНЕСКО-ның "Сандар нені білдіреді? Мектептегі зорлық-зомбылық пен қорқытуды жою" деген баяндамасына сәйкес әлемдегі әрбір үшінші оқушы өз құрдастары немесе сыныптастары тарапынан әртүрлі қорлау мен зорлық-зомбылыққа тап болады.
Өкінішке орай, бұл адамды жарақаттайтын тәжірибе із-түзсіз жоғалып кетпейді және уақыт өте келе психологиялық жарақатқа айналуы мүмкін.
Зерттеулер көрсеткендей, Қазақстандағы әрбір бесінші оқушы буллингке ұшырайды. Балалар келбетінің өзгеше болуы, сәнді нәрсеге қызығушылық танытпау, жалпы процестерге қатысқысы келмеу, тұйықтық сияқты түрлі себептерге байланысты буллингтің құрбаны болуы мүмкін. Агрессор мен жәбірленушінің күштерінің теңсіздігі, қайталануы, жәбірленушінің өткір эмоционалды реакциясы буллингтің маңызды белгілері болып табылады.
Құрдастары тарапынан буллингке бейім баланың отбасындағы атмосфераға назар аудару қажет. Мұндай балалар, әдетте, бір-бірімен өзара қарым-қатынасы ата-аналарының озбырлығы мен өктемшілдігіне негізделген отбасыларда өседі, онда үлкендер кішілерді бағындыруға мәжбүр етіп, бала осал және өзін қорғансыз сезінеді. Үйден тыс жерде мұндай бала әлсіздерді қорлауға тырысады.
Буллингтің алдын алуда ерте араласу өте маңызды, бала зорлық-зомбылықпен бетпе-бет жалғыз қалмауы керек. Мұнда мұғалімдер мен ата аналардың назары мен ұстанымы өте маңызды.
Баланың буллингке ұшырағанының белгілері назар аудару проблемалары, депрессия, жабырқау, тұнжырап жүру, ашуланшақтық, сенімсіздікті сезіну, сезімталдықтың жоғарылауы, асқазанның ауыруы, шаршау, тәбеттің болмауы, әлеуметтік байланыстардың аз болуы, қорқыныш белгілері, мысалы, кеуде тұсының қысылуы, тершеңдік, арқаның, желкенің, бұлшықететердің ауыруы, ұйқының бұзылуы болуы мүмкін.
Егер ата-аналар баласында осы белгілерді байқаса, шұғыл шаралар қабылдау керек және ең алдымен мұғалімдерге хабарлап, психологтарды және қажет болған жағдайда ювеналды инспекция қызметкерлерін тартқанға шейін бұл мәселені бірлесіп шешу керек.
Р.Қошқарбаев даңғылы, 64, №205А кабинетінде №15 ҚЕ-ның психологтары мен әлеуметтік қызметкерлеріне хабарласуға болады.