Вакцинациядан бас тартудың салдары

Профилактикалық егуді жүргізуге ерікті түрде хабардар етілген келісім немесе бас тарту жазбаша түрде ресімделеді.

Ата-аналардың профилактикалық егуден бас тартуы балаларды ұйымдасқан ұжымдарға қабылдаудан бас тартуға себеп болып табылмайды.

Ұйымдастырылған ұжымда жұқпалы аурулар тіркелген жағдайда, егілмеген балаларда ауру қаупі өте жоғары. Осыған байланысты, егілмеген балалар аурушаңдық тоқтатылғанға дейін балалар мекемелеріне барудан шеттетілуі тиіс, себебі олар инфекциядан қорғалмаған.

Жоспарлы егулер болмаған жағдайда бірқатар елдерге кіруге тыйым салынуы мүмкін.

 

АҚШ, Англия оқу орындарында оқу үшін барлық алдын алу екпелерінің міндетті түрде болуы талап етіледі.

Сауд Арабиясына бару үшін қажыларға менингококк инфекциясына қарсы вакцинация қажет, Бразилияға, Боливияға, Колумбияға, Кенияға және Африка құрлығының басқа да елдеріне кіру үшін сары безгекке қарсы вакцинация қажет.

Әр елдің өзінің бекітілген профилактикалық егу күнтізбесі бар. Елдің өмір сүру деңгейі қаншалықты жоғары болса, қарсы егу жүргізілетін жұқпалы аурулардың тізбесі соншалықты кең.