Нәрестені қалай тіркеуге болады

Құттықтаймыз! Сіздің балаңыз дүниеге келді.

Перзентханада сізге оның тууы туралы медициналық анықтама (перзентханадан медициналық анықтама) беріледі, ол лауазымды тұлғаның қолымен және перзентхананың мөрімен расталған және барлық қажетті ақпаратты (баланың тегі, аты, әкесінің аты, туған күні және жынысы, құжаттың берілген күні). Бұл құжат болашақта баланың тууын мемлекеттік тіркеу үшін қажет болады.

Бала туғаннан кейін бір тәулік ішінде ақпараттық жүйе медициналық мекемеден хабарлама алып, сізге қызмет көрсету үшін қажетті ақпараттың қадамдық сұрауымен құттықтау СМС-ін жібереді.

 

Қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтер әр түрлі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынады, ал жеткіліксіз болса баланың анасынан толтырудың қысқаша мысалдарын қамтитын СМС-сауалдар арқылы сұралады.

Тіркеуден кейін сізге туу туралы куәлікті алу орны көрсетілген және туу туралы медициналық анықтаманы алып, құжат алу үшін келу туралы өтінішпен СМС жіберіледі.