Кейбір медициналық емшаралардан кейін (мысалы ПЕА зерттеуі алдындағы еркекбез биопсиясы) зертханалық тексерулерді бірнеше күнге кейін қалдырған жөн.
Зертханалық көрсеткіштерді динамикадағы бақылаулар барысында қайта зерттеулерді бірдей жағдайда өткізген жөн: бір зертханада, қанды бір тәулік мерзімінде тапсыру және т.б.
Минималды талаптар: жұқпалы ауруларға тест, шұғыл зерттеулер – аш қарынға (4-6 сағат).
Ас ішу тәртібі, арнайы талаптар: тек ашқарынға, липидтік профильдің (холестерол, ЛПВП, ЛПНП, триглицеридтер, апо А1, апо В, ЛПОНП, липопротеин а; глюкозотолеранттық тест таңертең ашқарынға, 8 сағаттан кем емес және 14 сағаттан көп болмайтын ашығудан кейін) параметрлерін анықтау үшін 12-14 сағаттық ашығудан кейін қан тапсыру қажет.
Зерттеуге арналған қан үлгісін алудағы тәулік уақыты
Жұқпаларды табу бойынша зерттеулер барысында жұқпаны жұқтырудың кезеңіне және иммунды жүйенің жағдайына қарай әрбір пациентте теріс нәтиже болуы мүмкіндігін ескеру қажет. Дегенмен теріс нәтиже жұқпаның толықтай жоқтығын білдірмейді. Күмәнді жағдайларда қайта анализ жүргізу жөн.
Ескеріңіз! Әр зерханаларда түрлі зерттеулер мен өлшем бірліктері қолданылуы мүмкін. Сіздің нәтижелеріңіздің дұрыс бағалауы және нәтижелердің жарамдылығы болуы үшін зерттеулерді бір зертханада және бір уақытта өткізген жөн. Мұндай зерттеулердің салыстыруы дұрыс болады.