СОҢҒЫ ЕКІ ЖЫЛДА МӘМС ЕСЕБІНЕН КЕРЕҢДІКТІҢ АУЫР ТҮРІНЕ ШАЛДЫҚҚАН
700-ден астам адам қымбат медициналық көмекке қол жеткізді
Өткен жылы кереңдіктің ауыр түріне шалдыққан 432 науқасқа имплантациялық ота жасалды. Оның ішінде 380 бала мен 52 ересек адамға.
2021 жылы кохлеарлық имплантация 277 науқасқа жасалған.
Кохлеарлық имплантация-пациенттің ішкі құлағына электронды имплантты енгізуге арналған, содан кейін есту-сөйлеу реабилитациясы жүргізілетін хирургиялық ота. Бұл бүгінде МӘМС есебінен сақтандырылған пациенттерге қолжетімді қымбат ота болып табылады.
Естеріңізге сала кетейік, 18 жасқа дейінгі барлық балалар азаматтардың жеңілдік санаты ретінде сақтандырылған.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында есту қабілеті бұзылған адамдардың жалпы саны 200 мыңнан асты, оның ішінде 700 балада есту органдарының туа біткен ақаулары бар.
Жыл сайын науқастардың саны 5% -ға артуда. 1000 жаңа туған нәрестенің біреуі керең болады, ал жасқа жеткенде бұл сан көбейеді.
ДДСҰ мәліметтері бойынша, әлемде кереңдік және есту қабілетінің бұзылуынан шамамен 360 миллион адам зардап шегеді.
Есту қабілетінің жоғалуының себептері төмендегідей болуы мүмкін:
Есту қабілетінің бұзылуы және құлақ ауруларының алдын алу үшін жылына кемінде бір рет оториноларингологқа уақтылы барып тұру керек. Дәрігердің бақылауынсыз өздігіңізден емделуге немесе дәрі қабылдауға болмайды.
Кейбір препараттарды дұрыс мөлшерде қабылдамағанда есту қабілетінің төмендеуіне немесе кереңдікке әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, жүктілік кезінде бірқатар препараттарды қолдануға болмайды.
Есту қабілетінде өзгерістер немесе ауырсынудың кез-келген түрінде дереу дәрігерге қаралу қажет, әсіресе суық тиюден немесе қалқандар мен оған іргелес тіндердің жарақаттарынан кейін.