Damumed қосымшасында сіз өз профиліңізге балаңыз бен қарт ата-анаңыздың профилін тіркей аласыз

 

Ол үшін оларды «Отбасы» бөлімінде қосып, емхананың тіркеу бөлімінде туыстық қатынасын растау қажет. Ол үшін сізге тек растау құжаты керек.

Процедура сәтті аяқталғаннан кейін сіз туыстарыңыздың профилін өзіңіздікіндей басқара аласыз. Сізге келесі функциялардың барлығы қолжетімді болады:

Қабылдауға жазылу;

Талдаулар мен диагностикалық зерттеулер нәтижесін қарау;

Медициналық файлдарды жүктеу және т.б.

Damumed қосымшасын 6 миллионнан астам пайдаланушы қолданады. Оның ішінде:

3 719 029 негізгі аккаунт;

2 131 752 балалар профилі;

370 778 ата-ана профилі.

Damumed – медицинаны жақынырақ және қолжетімді етеміз