«Жастар» сарайында ақхалатты абзал жандарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті

Елордада 16 маусым күні «Жастар» сарайында ақхалатты абзал жандарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Кәсіби мереке – Медицина қызметкерлері күніне орайластырылған іс-шара «Алтын жүрек» ұранымен өтті.

Сондай-ақ, дәрігердерді «Аманат» партиясының өкілдері құттықтады.

«Алтын жүрек» атауы коронавирус инфекциясымен тоқтаусыз күрес кезеңінде ақхалатты мамандардың көрсеткен ерлігі мен еңбегіне арналған. Сол сияқты бұл тақырып елдің денсаулығын нығайту үшін мойнындағы борышын өтеу жолындағы абзал жандардың жанашырлығын, қамқорлығын білдіреді. Себебі соңғы 2 жылда медицина қызметкерлері COVID-19 инфекциясымен алдыңғы шепте күресті.

Денсаулық сақтау жүйесінің 30-дан астам маманы дипломдармен және төсбелгілермен марапатталды, сондай-ақ 8 номинация бойынша жеңімпаздар анықталды. Олардың әрқайсысына 1 млн теңгеден ақшалай сертификат табысталды.

Отандық медицина жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқан ақхалатты мамандар, қоғам қайраткерлері «Еңбек ардагері», «ҚР Денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан үлесі үшін» және «ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі» медальдарымен марапатталды.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06