Таныс болыңыздар: жалпы практика дәрігері Айнұр Дәулетқызы Қарауылова

Таныс болыңыздар: жалпы практика дәрігері Айнұр Дәулетқызы Қарауылова, №15 қалалық емхананың онкологиялық аурулар жөніндегі үйлестірушісі. «Астана» АМУ 2017 жылы бітіріп, бірден біздің емханаға жұмысқа келді. Ол медицинада жұмыс істеу үшін саналы таңдау қажет деп санайды.

«Мен ондай таңдауға бала кезімнен баулындым. Әкем менің дәрігер болғанымды қалады, ал анам мамандығы бойынша медбике болды. Мен Атбасардан келіп, 2010 жылы АМУ  оқуға түстім, содан бері елордада тұрамын», - деп, Айнұр Дәулетқызы өз тарихын әңгімеледі.

Дәрігер онкологияны қазіргі медицинаның қасіреті деп атайды. Ол обырмен ауырғандардың есебін жүргізіп отырады.

«Біз қаралушылардың ауруы асқынған кезінде, аурудың төртінші сатысында бірақ келуіне жол бермеуге тырысамыз, өйткені  ол сатыдағы ауруларға көмектесу өте қиын болады. Неліктен мемлекет скрининг үшін өте көп ақша бөледі, өйткені бұл ең алдымен обыр ауруының алдын  алу және ауруды ерте сатысында анықтау», - деп толықтырды ол.

Біздің дәрігердің айтуынша, ауруды дер кезінде анықтау үшін обыр ауруыныың мамандарына жүгінбес бұрын, алдын ала қаралу бөлмесінің маңызы зор. Бұл қаралушыларды медицина қызметкерінің бастапқы қарау жүргізетін бөлмесі.

Егер науқас бойынша дәрігердің обыр ауруына қатысты қандай да бір қорқынышы туындаса, үш күн ішінде Айнұр Дәулетқызына барып, қажетті зерттеулерден өтетін жолдама алып, содан кейін ғана ол онкологпен кездесуге барады.

  • 02
  • 03