КВИ анықтайтын ПЦР-талдауын қалай дұрыс тапсыру керектігін сіз білесіз бе?

Мұндай талдау кезінде ережелерді сақтамау жалған тест нәтижесі болудың ең көп таралған себебі болып келеді. 
 
Адам аузындағы вирус концентрациясына әсер ететіндер:
 
-темекі шегу,
 
-ауыз шайғыштарды қолдану,
 
-тамақ ауруы үшін дәріні пайдалану,
 
-тіпті қарапайым сағыз!
 
КВИ-ға ПЦР-талдау тапсырмас бұрын не істеуге болмайды:
 
• келесі күні КВИ анықтайтын  ПЦР – талдау тапсырмас бұрын, сіз алкогольдік сусындар, тіпті сыра мен шараптан  бас тартуыңыз керек;
• 12 сағат бұрын ауыз қуысында антисептиктерді (аэрозольдер, арнайы таблеткалар, шаю) қолдануға және оны анестезиялауға болмайды;
• талдау жасар алдында 4 сағатқа дейін темекі шегуге болмайды;
• екі сағат бұрын тістерді  тазартуға болмайды;
• ауыз қуысын шайғыштармен шаюға болмайды;
• талдау жасалғанға дейін екі сағат бойы тамақ ішуге және сұйық ішуге болмайды (тіпті  шөлдеп бара жатса, ПЦР- талдау үшін жағынды алудан бұрын кемінде жарты сағат қалса ғана, екі үрттам су ішуге болады);
• сағыз шайнауға болмайды.
 
Бұл қарапайым ережелер КВИ-ге  ПЦР- талдау тестісінің сенімді нәтижесін алуға көмектеседі.