КВИ жұқтырмас үшін

Ұзақ мерекелік демалыс, адамдар көп жиналатын іс-шаралар, өкінішке орай, бірнеше күннің ішінде нашарлаған елордадағы эпидемиологиялық жағдайға теріс әсер етті. Нұр-сұлтан қаласы бойынша барлық жас топтары арасында коронавирустық инфекция арта түсті. Сіздерді сабырлыққа шақырамыз. 
 
КВИ жұқтырмас үшін санэпидрежимді бақылауларыңызды сұраймыз - әр 2 сағат сайын бетперденізді ауыстырыңыз, бұқаралық іс-шараларға, соның ішінде тойға және басқа да есте қаларлық отбасылық іс-шараларға қтысудан уақытша бас тартуға кеңес береміз, қолыңызды жиі жуыңыз, әлеуметтік қашықтықты сақтаңыз.
 
КВИ жұқтырған жағдайда, үрейленбеңіз. Сіз тіркелген емханаға хабарласып, дәрігерді шақырып, оған симптомдар туралы хабарлай аласыз. КВИ - дін барлық жағдайлары госпитализацияны қажет етпейді. Бұл амбулаториялық негізде емдеуге болатын вирустық инфекция.
 
Сонымен қатар, COVID-19-бен күресте табысқа жетудің әлемде дәлелденген жолы бар – бұл вакцинация. Белгілі болғандай, вакцинацияланған науқастар ауруды бірнеше есе жеңіл көтереді және вакцинаны алмағандарға қарағанда әлдеқайда жылдам жазылады.