Қандай жағдайларда учаскелік дәрігердің жолдамасы қажет емес?

Бүгін Сіздерге қандай жағдайларда учаскелік дәрігерге бармай, оның жолдамасын алмай дәрігерлерге тікелей, алдын ала жазылу немесе кезек арқылы жүгінуге болатындығы туралы айтып береміз.

  • тіркелген жері бойынша гинекологқа жүгінген кезде
  • тіркелген жері бойынша психологқа жүгінген кезде
  • шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек алу үшін
  • кез келген жарақат түрлері бойынша, оның ішінде офтальмологиялық, отоларингологиялық және басқа да жарақаттар алған кезде
  • диагнозды растау үшін бейінді маман қосымша талдаулар мен тексерулер жүргізуге немесе басқа бейінді маманның консультациясына жіберген кезде
  • бейінді маманға қайта жүгінген кезде
  • дерматовенерологиялық бейіндегі аурулар кезінде
  • жастар денсаулық орталықтарына жүгінген кезде
  • динамикалық бақылау кезінде бейінді маманның жоспарлы консультациясын алу үшін
  • жылжымалы медициналық кешендерде немесе медициналық поездарда медқызметтерді алу кезінде

Егер медициналық ұйымда Сізден жоғарыда көрсетілген жағдайлар бойынша жолдама талап етілсе немесе учаскелік дәрігерге жіберілсе, өз емханаңыздың жанындағы пациенттерді қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Сондай-ақ, Сіз өтініштерді Қордың ресми кері байланыс арналары - 1406 байланыс орталығы, "Qoldau 24/7" мобильді қосымшасы, www.fms.kz Қордың сайты, Тelegram-дағы Saqtandyry-bot арқылы қалдыра алатындығыңыз туралы еске саламыз.