АИТВ-инфекциясындиагностикалау мен емдеу Қазақстанда әрбір азаматқа қолжетімді және тегін негізде жүзеге асырылады. Республика бойынша жыл сайын 10% астам халық, АИТВ-ға тестілеуден өтеді.
Профилактикалық шараларды сақтай отырып, АИТВ-инфекциясының алдын алуға болады: кездейсоқ адамдармен қорғансыз жыныстық қатынас жасаудан аулақ болу, уақытылы диагностикадан өту және жыныстық жолмен жұғатын инфекцияны емдеу, залалсыздандырылған аспаптарды пайдалану және АИТВ-ға тест тапсыру.
АИТВ-мен өмір сүретін, вирусқа қарсы терапия қабылдайтын адамдар ұжымның толыққанды мүшелері және қоғам үшін қауіпті емес болып табылады.
Қазақстанда АИТВ-ның анадан балаға берілуін АИТВ-инфекциясынжұқтырғанәйелге жүктілік кезінде уақтылы диагностикадан өту, босану кезінде, босанғаннан кейін және жаңа туған балағавирусқа қарсы терапияны ұсыну арқылы профилактикалау қамтамасыз етіледі.
2014 жылы АИТВ-ның анадан балаға берілу деңгейі 1,8%-ға дейін төмендеді. (ДДҰ-ның ұсынымы кемінде 2%)
2014 жылы емдеумен қамтамасыз ету 72,4% құрады. Өлім көрсеткішін 2010 жылғы 16,1%-дан 2014 жылғы 8,7%-ға төмендету бойынша оң динамикаға қол жеткізілді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша Қазақстан аумағында эпидемиологиялық процесті дамыту шоғырландырылған сатыда (1,1 орта әлемдік көрсеткіш кезінде халықтың 0,2%).
Жаһандық бәсекелестікке қабілеттілік индексінің 2015-2016 жылдардағы рейтингісінде «15-49 жас аралығындағы халықтың арасында АИТВ-инфекциясының таралуы» көрсеткіші бойынша Қазақстан бірінші орын алатын елдердің тобына кірді.
2009 жылдан бастап иньекциялық есірткіні тұтыну кезінде берілу жолының парентералды үлесін төмендету үрдісі бақылануда, 2014 жылы ол 32% құрады.