Жылдың жылы мезгілдерінде көптеген ата-аналар терезенің ашық қалуы бала үшін аса қауіпті екендігін ұмытып кетеді.
Жыл сайын көптеген балалар биіктіктен құлау арқылы көз жұмады.
Терезеден құлау әсіресе қалалы жерлерде балалар жарақаты мен өлімінің негізгі себептерінің бірі болып саналады. Балалар өздерінің бәрін білуге құштарлықтарының нәтижесінде ашық тұрған терезе алдында аса осал болып келеді.
Сақ болыңыз!
Терезеден құлап кетуден баланы қалай қорғауға болады:
Сіз оның қасында болып көрінгеніңізбен, сіз алшақтап кеткен бір секундтың өзі балаңыздың өміріндегі соңғы болуы мүмкін.
Кішкентай балаларды жалғыз қалдырмаңыз! Баланы ешқашан да қараусыз тастамаңыз!
Құлаудың көптеген жағдайлары ата-аналар балаларын қараусыз қалдырып кеткен кезде орын алады.
Олар құлап кетуден сақтау үшін арналмаған. Керісінше, москитті тор қайғылы оқиғаға әкеледі, себебі бала өзін оның артында қауіпсізбін деп сезініп, терезеге де, оған да сүйенеді. Балалар көбінесе осы торлармен бірге құлап кетеді.
a) Үйде салқындатқыштың болуы терезеден құлап кету қаупін заңды түрде төмендетеді, бірақ, есіңізде сақтаңыз, баласы бар үйде тым құрығанда бекіткіштің міндетті түрде болуы қажет, бұл - минималды қорғаныш, себебі, бала терезені өз бетімен аша алады.
b) Балаға өз бетімен терезені бірнеше дюймға ғана ашуға мүмкіншілік беретін арнайы бекіткіштер қойыңыз.
c) Терезе торларын орнату арқылы, терезені қорғаңыз. Торлар балаларды ашық терезелерден құлап кетуден сақтайды.
d) сіздің дәл қазір бекіткіш және сақтандырғыщ құрылғы орнататын мүмкіншілігіңіз болмаса, сіз бұрауыш арқылы бұрандаманы, бекіткіш тұтқаны бұрап, оларды жоғары алып тастай аласыз.
e) Мүмкіншілікке қарай терезені төменге қарай емес, жоғары қарай ашыңыз.
Ата-аналар назар аударыңыздар:
Балалардың денсаулығын бірге сақтайық!