Жамбурчинова Айнагуль Нурахметовна
Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 7 қазандағы №ҚР DSM-116/2020 бұйрығына сәйкес, COVID-19 және коронавирустық пневмониямен ауырып шыққан науқастар әлеуметтік сақтандыру қаражаты есебінен оңалту қызметін ала алады.
Тыныс алуды қалыпқа келтіруге, асқынулардың дамуына жол бермеу, мазасыздық пен күйзеліс белгілерін жоюға бағытталған қалпына келтіру шаралар кешені ауруханаға жатқызу кезеңінде басталады. Көрсетілім болған жағдайда, медициналық ұйымдарға жүгінбей үйде емделген азаматтар да оңалту еміне жүгіне алады.
Оңалту курсы әр науқасқа жеке, ағза ерекшеліктері мен қатар жүретін ауруларын ескере отырып таңдалады.
"Алматы" телеарнасында №15 қалалық емхананың ЖТД дәрігері Н.М. Садыкова covid-19 бастан кешкен асқынулар қандай болуы мүмкін екенін және теріс салдарлар қаупін қалай төмендетуге болатынын ескертті.
"Хабар" телеарнасындағы "күн қорытындысы" бағдарламасында №15 қалалық емхананың провизорлық бөлімшесінің дәрігері С.М. Такеева коронавирустық инфекцияның жиі салдары, оның ішінде иіс сезу проблемалары туралы айтып берді. Оңалту қажеттігін атап өтті.
- Маусымдық тұмау - бұл қауіпті ауру.
- Аурудың алдын алудың жалғыз жолы – вакцинация.
- Коронавирус инфекциясына байланысты 2020 жылғы маусымда міндетті түрде екпе салдыру қажет.
- Иммунитетіңіз өте жоғары болса да екпе салдыру керек.
ЕКПЕНІҢ ӘСЕРІ
- Екпе - бұл ағза үшін жаттығу құралы сияқты.
- Ол ағзаның қауіпсіз жағдайда вирустан қорғануына көмектеседі.
- Екпеден кейін ағза вирусқа қарсы төтеп беруге дайын болады.
- Екпе салдырған адам өзін ғана емес, айналасындағыларды да індеттен қорғайды.