Жамбурчинова Айнагуль Нурахметовна
Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы
Адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) - ағзанын иммундық жуйесіне зақымдайтын инфекция. АИТВ - инфекциясының ең соңғы кезеңі - жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы (ЖИТС). АИТВ ақ қан жасушаларын зақымдайды, бұл иммундық жүйенің әлсіреуіне әкеледі. Бұл туберкулез, жұқпалы аурулар жене онкологиялық аурулардың кейбір түрлері сияқты аурулардың даму ықтималдығын арттырады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша - Қазақстанда қызылшамен ауырған 14,4 мың баланың 80%-дан астамы егілмеген, оның жартысынан көбі ерікті түрде бас тартудың себебінен болып отыр, деп хабарлады бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.
Республикада қызылшаның 17 мыңнан астам жағдайы тіркелді, оның ішінде 82%-дан астамы немесе 14465 жағдай балаларға тиесілі, оның 83%-ы вакцинация алмаған балалар. Бұл ретте, балалардың 60%-ы ата-аналарының бас тартуына байланысты егілмеген, қалған балалар егу жасына жетпегендер не медициналық қарсы көрсетілімдері бар.
Қызылшамен ауырғандардың ең көп саны Шымкент қаласында – 3 016 жағдай, Алматы қаласында – 2 653 жағдай, Жамбыл облысында – 2 370 жағдай тіркелді.
Бүгінгі таңда елімізде қызылшамен ауыратындарға арналған 3,5 мыңнан астам орын ашылды, стационарлық емделуде 2375 бала бар, төсек 59,5%, резерв - 1093.
24.11.2023 ж. Белсенді ұзақ өмір сүру мектебінде сабақ өткізілді.. Барлық қатысушылар №15 ҚЕ кардиолог дәрігері К.А. Есеевадан кеңес ала алды. Сондай-ақ, медбике А.К. Абденбаева қан қысымын, қантты және зәр қышқылының деңгейін өлшеді. Барлығына көрсеткіштер түсіндіріліп, ұсыныстар берілді.
18-24 қараша аралығында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен Дүниежүзілік микробқа қарсы препараттарды дұрыс қолдану апталығы өтеді.
АНТИБИОТИККЕ ТӨЗІМДІЛІКТІҢ НЕГІЗГІ ФАКТІЛЕРІ:
Антибиотиктерге төзімділік – адам денсаулығына, азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндіретін факторлардың бірі.
Антибиотиктің әсеріне тұрақтылық қалыптастырған бактериялар қай елді мекендегеніне қарамастан, кез-келген адамға жұғуы мүмкін.
Антибиотиктерге төзімділік - бұл табиғи құбылыс, бірақ адамдардың антибиотиктерді дұрыс қолданбауы және оларды жануарларға дұрыс пайдаланбауы, үрдісті тездетеді.
Антибиотиктердің тиімділігінің төмендеуіне байланысты инфекциялық ауруларды (мысалы, пневмония, туберкулез, сальмонеллез) емдеу қиындай түсуде.