Жамбурчинова Айнагуль Нурахметовна
Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы
Туберкулезден емделуге және толығынан айығуға болады. Дәрілерге сезімтал белсенді түрдегі туберкулезбен ауырғандарды, денсаулық сақтау қызметкері немесе арнайы дайындықтан өткен ерікті көмекші тарапынан қолдау қамтамасыз етілген жағдайда, микробқа қарсы төрт дәрі-дәрмектермен алты ай барысында стандартты түрде емдейді.
Мұндай қолдаусыз емдеу сұлбасын сақтау қиынырақ.
ДДҰ бағалауы бойынша, 2000 жылдан бастап туберкулезді диагностикалау және емдеудің арқасында 63 миллион адам өлімнен құтқарылған.
Туберкулездің белсенді түрі пайда болған кезде, адамда жөтел, қызба, түнгі тер немесе салмақ жоғалту сияқты белгілер бірнеше ай бойы қалыпты жағдайда сақталып қала беруі мүмкін.
Бұл жағдай барып медициналық көмекке кешігіп жүгіну және бактерияларды басқа адамдарға тарату мүмкіндігін туғызады.
Бір жыл ішінде туберкулездің белсенді түрімен ауырған адам тығыз байланыста болған 5-15 адамға жұқтыруы мүмкін.
Тиісті емделусіз туберкулезбен ауырған адам иммунитеті тапшылығының вирусы (АИТВ)-теріс адамдардың орта есеппен 45% және АИТВ-оң адамдардың барлығы дерлік өледі.
Сондықтан өз денсаулығыңыэға мұқият қарауыңыз керек!