Тұмау дегеніміз не? Тұмау — жасы мен жынысын талғамастан, бәріне бірдей жұғатын ауыр вирустық инфекция. Оған өткір токсикоз, ринит, мұрынның бітуі және бронхты зақымдайтын катаралды құбылыстармен сипатталатын белгілер тән. ЖРВИ – адамзаттың ең кең таралған аурулары. Онымен жазда азырақ, қыста көбірек болса да, барлығы дерлік ауырады.
ЖРВИ мен тұмауды туындататын вирустар мұрын мен тамақтан бастап, өкпеге дейін барлық кеңістіктегі эпителийлі жасушаларды зақымдайды. Бұл вирустардың көптеген түрлері бар, ең көп таралғаны – тұмау, ал «бейтанымал» түрлері – парагрипп, аденовирус, риновирус, реовирус және басқалары. Cыртқы ортада вирустар тезірек өледі, бірақ адамнан адамға ауа-тамшылы жол арқылы тез таралады.
Тұмаудың көзі болып тек аурудың нақты өзімен немесе оның жасырын түрлерімен ауыратын сырқат адам болып табылады. Инкубациялық кезең – 12-16 сағат. Максималдық жұқтыру аурудың алғашқы күндерінде байқалады, жөтелу және түшкіру кезінде түкірік пен сілемеймен сыртқы ортаға вирус бөлінеді. 5 күн ауырғаннан кейін сырқаттардың көпшілігі жұқпалы емес. ЖРВИ мен тұмаудың белгілері баршаға аян, себебі бұл аурумен ауырмаған бірде-бір адам жоқ. Алғашқы белгілері: ағза әлсірейді де, дене қызуының жоғарылауы, мұрынның бітуі және жөтел сияқты белгілер пайда болады. Тұмау туралы сөз болғанда мынаған назар аударған дұрыс: ғалымдар оның А, В және С сияқты үш түрін бөліп қарастырады. Ең басты ерекшеліктері – олардың түрлену қабілетінде. Мысалға, С вирусы қалғандарына қарағанда анағұрлым тұрақты. Бұл вируспен бір рет ауырған адамда оған қарсы иммунитет пайда болады. Сондықтан, вирустардың көп түрлілігіне қарамастан, көп жағдайда С вирусымен ересектер емес, балалар ауырады. В вирусы аз да болса түрленуімен өзгешеленеді. В вирусымен балалар ауыратыны белгілі. А вирусы – тұмаудың ең қатерлі түрі. Себебі ол қайта-қайта түрленіп, әр түрлі эпидемияларды туғызады.
ЖРВИ мен тұмаудың қалай алдын алуға болады:
Тұмауды емдеу, төсек режимін сақтау.
Науқас адамды, жарық және желдетілген бөлмеге жатқызу. Науқас жатқан бөлмені желдету керек, бірақ суықтап қалмасын. Науқасты жылы орау, аяғына грелка қойып, ыстық сусын (сүт, лимон қосылған тәтті ыстық шай), ішетін тамағы калориялы, әр түрлі, витаминдерге бай болуы керек. Тұмау вирусы қыздыру кезінде, дезинфекциялау кезінде жойылады. Жыл сайын адам бірнеше рет тұмаумен ауырса, адамның 1 жылын алады екен. Тұмаудың негізгі қауіптілігі – тұмаудан кейінгі асқынулардың даму қаупі: өкпе қабынуы (пневмония), құлақ қабынуы (отит), ми қабығының қабынуы (менингит) және т.б.
ТҰМАУМЕН АУЫРУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ОНЫ ЕМДЕУДЕН ЖЕҢІЛІРЕК
Ташимова К.К.