Жамбурчинова Айнагуль Нурахметовна
Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы
№ 15 қалалық емхананың сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнімен бүкіл ұжым атынын құттықтайды!
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.
Қазақстанда біздің көпұлтты қоғамның, жалпыадамзаттық құндылықтар — адамгершілік, келісім мен бейбітшіліктің маңыздылығын білдіреді ; біздің ортақ игілігіміз болып табылады, қазақстандық патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік, терең құрметтеу, оның тарихы, мәдениеті және салт-дәстүр! Көгілдір туы алтын түсті күн және ортада тұрған қыран құстың бейнесі мен Елтаңбасы ортасында шаңырақтың бейнесі, символы ретінде, ортақ үйіміздей қабылдайды бүкіл қазақстан халқы. Бүгін, Қазақстан – әлемдік қауымдастықтың ажырамас бөлігі, жер шарының барлық түкпірінде біздің мемлекеттік рәміздері танымалы болсын!
Құрметті Қазақстан азаматтары Мерекелеріңізбен! Бейбітшілік, бірлік, мемлекетіміз гүлдене берсін!
Эпидемиологиялық жағдайға байланысты билік МӘМС үшін жеңілдетілген төлем мерзімін 2020 жылдың 1 сәуірінен 1 шілдесіне дейін ұзартты. Бұл дегеніміз, барлық қазақстандықтар әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар мен жарналарды төлеуге қарамастан, МӘМС жүйесінде шартты түрде сақтандырылған деп есептеледі. Яғни, 1 шілдеге дейін барлық медициналық қызметтер әр адамға ТМККК және МӘМС – бірден екі пакетте тегін және толық көлемде көрсетіледі.
Алайда, бұл кезең кейінге қалдырылған кезең болып табылмайды және төлеушілерді міндетті ай сайынғы төлемдерден босатпайды. Егер тұлға жеңілдік мерзімі өткеннен кейін, төленбеген айлар үшін МӘМС-ке жарналар жүргізбесе және медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы болмаса, онда ол сақтандырылмаған болып саналады және медициналық қызметтерді тек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шегінде ғана ала алады.
Жүйеге одан әрі қатысу және сақтандырылған мәртебені алу үшін, ол 2020 жылдың 1 қаңтарынан басталған кезең, яғни МӘМС пакетін пайдаланған 6 ай үшін, МӘМС-ке жарна жасау қажет.