Жамбурчинова Айнагуль Нурахметовна
Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы
Баршаңызды Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке халқымыздың мәдениетінің ұлылығын және ең жақсы дәстүрлерін бейнелейді.
Бұл айналамыздағы әлем ғана емес, адамның өзі де оянып, жаңаратын керемет уақыт.
Наурыз әр үйге бейбітшілік, тыныштық пен гүлдену әкелсін!
Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, бақыт, жақсылық және амандық тілеймін!
Ізгі тілекпен, «№15 Қалалық емхана» директоры Жамбурчинова А.Н.
Электронды үкіметтің www.e.gov.kz порталы арқылы поликлиникаға тіркелу үшін ЭЦҚ арқылы авторизация жасау қажет.
«Денсаулық сақтау» бөліміне кіріп, «Алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем көрсетуші медициналық ұйымға тіркелу» қызметін таңдау керек. Сосын «Онлайн сұрау» батырмасын басып, электронды форманы толтырып, сұрауды жібересіз.
Барлық қадамды дұрыс орындасаңыз, медициналық ұйымның электронды цифрлық қолтаңбасымен бекітілген тіркелу туралы хабалама келеді.
Тіркелуге 1 күн кетеді.
1. Профилактикалық екпелер - инфекциялық ауруларға өзіндік ерекше қарсылық жасау мақсатында иммундық профилактика үшін адам организміне иммундық-биологиялық дәрілік препараттарды енгізу.
2. Профилактикалық екпелер міндетті және ерікті болып бөлінеді.
3. Міндетті профилактикалық екпелердің мынадай түрлері айқындалады:
1) жоспарлы профилактикалық екпелер;
2) эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша профилактикалық екпелер.
4. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты болатын жеке тұлғалар инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы міндетті профилактикалық екпелерді алуға міндетті.