Жамбурчинова Айнагуль Нурахметовна
Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы
Күйзеліс – бұл адам ағзасының физикалық және психикалық тұрғыдан күштену қалпы.
Болмашы стрестің өзі шарасыздыққа алып келеді. Күйзеліс- адам тіршілігінің ажырамас бөлігі. Дей тұрғанмен күйзелістің өте қауіпті жағдайларын ажырата білу керек.
«Егер жек көрген нәрсеңмен айналыссаң, жек көруден ағзаны жоятын токсиндер бөліне бастайды, соның нәтижесінде қажып, шаршап және жалығасыз не ауырасыз. Сіз не істесеңіз де сүйсініп жасаңыз. Болмаса сүйсініп жасайтынды ғана істеңіз». Өзіңіздің дене және психикалық саулығыңызға назар аударыңыз. Күйзелістің физиологиялық белгілері: ұйықтай алмау, бас ауру, жүрек дүрсілдеу, арқаның, асқазанның, жүректің ауруы, асқазанның қорытпауы, спазмалар. Күйзелістің психологиялық белгілері ұмытшақтық, есте сақтау қиындықтары, қобалжу, шектен тыс уайымшылдық, себепсіз қорқыныштар, ашуланшақтық болып табылады. Бұл өзіне деген сенімділігін жоғалтып, түрлі ауруларды, психикалық шаршауларды туындатады және дәріге бағынышты етеді.
Күйзелісті болдырмау үшін не істеу қажет?
Біріншіден: стресс кезінде ағзадағы витаминдер қоры әсіресе В тобы тез таусылады. Көптеген дәрігерлер күнде витамин ішуге кеңес береді.
Екіншіден: дене жаттығулары өте пайдалы. Спорт залына барыңыз, жаттығу жасаңыз, билеңіз, ән айтыңыз, қалада серуендеңіз, бассейнге, моншаға барыңыз.
Үшіншіден: психикалық және дене релаксациясы қажет. Келесі тәсілдерді көріңіз: босаңсытатын музыка таңдаңыз, түнгі аспанға бұлтқа қараңыз және армандаңыз.
Төртіншіден: үйлесімді өмір үшін жанұяның, достардың қолдауы қажет. Психологиялық тренингтерге барыңыз, жанұя салтанаттарынан қалмаңыз, жаңа қызықты адамдармен танысыңыз. Ата-аналарыңызға, туған туысқандарыңызға,баурларыңызға көңіл бөліңіздер, өйткені олар сіздің махаббатыңызды, қамқорлығыңызды, мейіріміңізді қажет етеді.
Ендеше сізге сәттілік! Күйзеліске ешқашан жол бермеңіз...