Қош келдіңіздер

«Астана қаласы әкімдігінің «№15 қалалық емхана» ШЖҚ МКК

Сіздерді Астана қаласының медициналық мекемесі - "№15 қалалық емхана" сайтында қарсы алуға қуаныштымыз!

Есіңізде болсын! Денсаулық-бұл Сіздің әл-ауқатыңыздың негізі! Жоғары білікті мамандар денсаулығыңызды жақсарту үшін, оны нығайтуға әрқашан дайын!
image

Бас дәрігердің блогы

Өту

Директор

Жамбурчинова Айнагуль Нурахметовна

image

ТМККК

Өту

ТМККК

Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі

image

МӘМС

Өту

МӘМС

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

image

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Өту

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы

image Сілтемеден өту

Дәрігерлердің жұмыс істеу уақыты

image Сілтемеден өту

Қызмет көрсету аумағы

image Сілтемеден өту

Профилактикалық және әлеуметтік-психологиялық қорғау бөлімшесі

image Сілтемеден өту

Рубрика - Бұл қызықты!

 

СҮТ БЕЗІ ОБЫРЫН ЕРТЕ АНЫҚТАУ ӨМІРІҢІЗДІ САҚТАЙДЫ

Сүт безінің обыры – Европа, Америка, Азия елдерінің әйел адамдардың арасында ең кең тараған ісік түрі болып табылады. Жыл сайын әлемде бұл аурудың миллионан астам жағдайы тіркеледі, ал орташа өмір сүру ұзақтығы 80 жас екендігін ескерсек сүт бездерінің обырымен ауру қаупі 12,5% құрайды. Соңғы 2 жылда обырдың осы түрімен аурудың тұрақты тенденциясы байқалады, әсіресе қалалар мен мегаполистерде 1985 жылдан бері әйелдер арасындағы онкологиялық аурулар ішінде 31,2% құрай отырып бірінші орында тұр.

Әрбір нақты жағдайда сүт безінің обырының не себептен пайда болғанын нақтылап айту мүмкін емес. Тек белгілі бір дәрежеде обырға әкелетін ықпалдарды атап айтуға болады. Обыр жасушаларының пайда болуына сүт бездерінің қалыпты жасушаларының мутациясының әсерінен пайда болатыны белгілі. Канцерогендердің әсерінен жасушалардағы генетикалық материал өзгереді. Нәтижесінде қалыпты жасушалар обыр жасушаларына айналады. Жасуша жиі –жиі бөлінген сайын канцерогендердің әсерінен обыр жасушаларына айналу қаупі өсе түседі.

 Сүт безі обырын дамытатын қауіп факторлары:

  • Тұқым қуалау факторлары – анасы,әпкесі сүт безімен ауырса
  • Жасы 40-тан асқан болса
  • Ішкі гормоналдық факторлар – эстроген гормонының әсері(етеккірдің ерте келуі  - 11 жасқа дейін ;менапаузаның кешеуілдеуі ;бірінші баласын кеш босануы;баласын емшекпен емізбеуі)
  • Семіздік
  • Темекі шегу мен алкоголь ішімдікті шамадан тыс тұтыну
  • Әйелдің жыныс мүшесінің созылмалы аурулары
  • Иммунитетті әлсірететін күйзеліс жағдайлары
  • Аборт және сексуальдық өмірдің болмауы
  • Сүт безінің  жиі жарақаттануы
  • Ауруды ерте  сатысында анықтау үшін әр әйел нені білу қажет ?
  • Әрбір әйел өмір бойы етеккір циклінің белгіленген бір күнінде ,етеккір басталғаннан кейінгі 5-9 күндері болғаны дұрыс, ал менапауза басталған кезде  - әр күнтізбелік айдың белгіленген бір күнінде сүт бездерін өздері тексеруі тиіс.Өзін – өзін тексеру сүт безінде болып жатқан өзгерістерді бақылап отыруға мүмкіндік береді.
  • Келесідей белгілер болған жағдайда әйелге жедел түрде дәрігерге қаралуы керек (егер тұрғылықты жерінде маммолог болмаса, бірінші гинекологқа сосын хирург-онкологқа қаралуы керек):

1.Терінің немесе емізіктің (сосок) бұрын болмаған тартылуы;

  1.  Емізікті басқанда немесе тыныштық жағдайда бөліндінің бөлінуі (жүктілік болмаған жағдайда лактация);
  2. Емізіктен қанды бөліністердің шығуы;
  3.  Сүт бездерінің етеккірге байланыссыз ісінуінің кетпеуі; Сүт безінің қабыршақтануы;
  4. «Лимон қабығы» белгісінің болуы. (жамбастағы целлюлитке ұқсайды);
  5. Сонымен қатар, қатерсіз ісіктер (фиброаденомалар, кисталар, мастопатиялар) малигнизирленуі мүмкін, яғни қатерлі түріне ауысуы мүмкін.

Қатерлі ісіктер айқын тегістелмеген шекарасы болады, құрылымы бойынша қатты, аз қозғалмалы, және әдетте ауырсынбайды.

Сүт безі обырының кезеңдері :

1 сатысы: ісік , сүт безінің ішінде ,көлемі 3 см-ден кем, айналасындағы көрші сау тін мен терісіне тарамаған, метастаз жоқ. 2А сатысы: ісіктің көлемі көлденең қимасы 5 см аспайды,без тіндеріне, айналасындағы май қабатына өтіп, терісімен байланыста ,бөгелме ісік жоқ. 2Б сатысы: ісік көлденең қимасында 5 смден артық, лимфа түйіндері қатысады.ісік жоғарыдай көлемі мен түріндей,бірақ қолтықасты лимфа бездерінің алғашқы деңгейіндегі біреуінғана зақымдаған. 3А сатысы ісік, оның көлемі 5 см-ден -10 см-ге барады. Терісінен таралған немесе терісі ойық жаралы, бұлшық ет пен сіңір қабатына өткен, бірақ аймағында бөгелме ісік жоқ. 3В сатысы: ісік кез келген көлемде , бұғана үстінде немесе төсасты аймағында көптеген бөгелме ісіктер бар.мөлшері үлкен, метастаз теріге, кеуде қабырғасына және сүт безінің ішінде орналасқан лимфа түйіндеріне таралған. 3С сатысы: ісік мөлшері үлкен, көптеген лимфа түйіндеріне таралған. 4 сатысы:сүт безінің мөлшері өте үлкен, метастаз кеудеден алыс орналасқан мүшелерге (сүйектерг, өкпеге, бауырға, миға, және алыс орналасқан лимфа түйіндеріне) таралады.

Сүт безі обырының көріністері:

Сүт безі обырының ерте кезеңдеріндегі негізгі белгісі сүт безінде жаңа түзілістің пайда болуы. Бұл түзілісті әйел өзі анықтауы мүмкін немесе маммография, УДЗ және басқа зерттеу әдістері арқылы анықталуы мүмкін. Тиісті ем жүргізілмеген жағдайда ісіктің мөлшері ұлғайып, тері немесе кеуде қабырғасынан шығып кетуі мүмкін , лимфа тамырлары арқылы обыр жасушалары жақын жатқан лимфа түйіндеріне таралады. Қан арқылы обыр жасушалары бүкіл организмге таралып, жаңа түзілістерге бастама береді. Сүт безінің обыры көбінесе өкпеге, бауырға, сүйектерге, бас миына метастазданады. Бұл мүшелердің зақымдалуы, және ісіктің ыдырауы өлімге әкеледі.

Сүт безі обырының даму қаупін қалай азайтуға болады:

  1. Салауатты өмір салтын ұстану,спортпен айналысу
  2. Дене салмағын бақылап отыру
  3. Темекі шекпеу ,темекі шегу обырға себепкер болады
  4. Баласын туғаннан кейін 1 жыл бойы және одан аса емшекпен емізу
  5. Әртүрлі ,көкөністер мен жеміс- жидектер көп тағамдарды пайдалану ,майлы және қақталған өнімдерді пайдаланбау
  6. Алкогольді шамадан тыс тұтынбау
  7. Таза ауада жиі жүру және табиғат аясында демалып тұру
  8. Ашық күн астында және солярийде ұзақ уақыт болмау
  9. Тұрмыста және өдірісте жарақаттап алудан сақтану

Емшек безі обырын ерте анықтау бағдарламасы Қазақстанда 2008 жылдан бастап енгізілген.  Скрининг –обыр  ауруын ерте анықтауға бағытталған ісшаралар кешені.
Қазақстанда бұл топқа 50-ден 60-қа дейінгі әйелдер енген, әр әйел үшін интервалмен 2 жылда 1 рет.  Бүгінгі күнде бүкіл әлемде маммография  скринингтің негізгі құрастырушысы болып табылады.

«Ниет» ОДО СӨС дәрігері

Ташимова К.Қ.

Соңғы жаңалықтар

image Сілтемеден өту

Өз емханаңды табу

Сілтемеден өту
image Сілтемеден өту

Медициналық ұйымға тіркелу

Сілтемеден өту
image Сілтемеден өту

Дәрігерге жазылу

Сілтемеден өту
image Сілтемеден өту

Дәрігерді үйге шақыру

Сілтемеден өту
 
01.png02.png04.png05.png06.png