Қош келдіңіздер

«Астана қаласы әкімдігінің «№15 қалалық емхана» ШЖҚ МКК

Сіздерді Астана қаласының медициналық мекемесі - "№15 қалалық емхана" сайтында қарсы алуға қуаныштымыз!

Есіңізде болсын! Денсаулық-бұл Сіздің әл-ауқатыңыздың негізі! Жоғары білікті мамандар денсаулығыңызды жақсарту үшін, оны нығайтуға әрқашан дайын!
image

Бас дәрігердің блогы

Өту

Директор

Жамбурчинова Айнагуль Нурахметовна

image

ТМККК

Өту

ТМККК

Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі

image

МӘМС

Өту

МӘМС

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

image

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Өту

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы

image Сілтемеден өту

Дәрігерлердің жұмыс істеу уақыты

image Сілтемеден өту

Қызмет көрсету аумағы

image Сілтемеден өту

Профилактикалық және әлеуметтік-психологиялық қорғау бөлімшесі

image Сілтемеден өту

Рубрика - Бұл қызықты!

 

ТЕМЕКІДЕН АУЛАҚ БОЛЫҢЫЗДАР!

Жыл сайын дүниежүзінде темекі шегудің салдарынан 4 млн. адам қайтыс болады екен. Мұны жыл бойына күн  сайын 25 ұшақ апатқа ұшыраған жолаушылардың  санымен салыстыруға бола­ды. Бүгінде  жер шарында 1,2 млрд. адам темекі шегетін  көрінеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) дерегі бойынша, 1997 жылы темекіден 3 млн. адам қайтыс болса, бұл көрсеткіш жыл сайын 33 пайызға  өсіп отырған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебіне жүгінсек, егер жағдай өзгермесе, онда таяу жылдарда темекі жарты миллиард адамның түбіне жетуі мүмкін. Бұл  келеңсіз мәлімет  үрейлендіріп, үркіту үшін емес, нақты  дерек. Егер жарнамалық тұрғыда насихат  жасауға тыйым салынбаса, ғасыр соңына дейін жер бетінде 1 млрд. кісі темекінің құрбанына айналмақ. Ал, шылым шегетіндердің 95 пайызы өкпенің қатерлі ісігіне ұрынады. ДДСҰ мәліметіне сүйенсек, жер шарындағы 2 миллиард жасөспірімнің санасы никотинмен уланған.

Темекі тарту халық арасында ертеден келе жатқан зиянды әдеттердің бірі. Оны осы кезде еркек те әйел де қарт та жас та тартады. Құныққан адам ертемен төсектен көзін – ашпастан темекіге ұмтылады. Көп адам темекіні жұмыс үстінде, үзіліс кезінде, көшеде, далада, қарны ашса да, тамақ ішсе де шегеді. Құмарпаздар бір шылымды шегіп үлгермей екіншісін бастайды. Үлкендерге еліктеп папирос қалдықтарын балалар да ауызына қыстырады.Бұл әдет алғашында еліктеу түрінде болғанымен келе-келе олар да үйреніп кетеді. Үлкен – кіші бірдей әуестенетіндей осы темекіде не бар? Онда қызығарлық түк те жоқ. Ақиқатына келсек, оның ішінде никотин дейтін нерв жүйесіне, ас қорыту, тыныс алу, жүрек-қан тамырлар жүйесіне ерекше у бар. Никотин суда тез ериді, сондықтан ол ауыздың; мұрынның, кеңірдек тарамдарының кілегейлі қабықшасына оңай сіңеді, сонан соң сілекеймен бірге асқазанға, ішек қарын жолына өтеді. Шылым шегу қан тамырларының тарылуын туғызып, жүрек бұлшық етінің инфарктін, инсультін, журек бұлшық еттері мен мыйдің қан тамырлары ауруларының пайда болуының ең маңызды факторларының біріне айналады. Темекі журек қан тамырлары жуйесіне қалайша әсер етеді? Никотин әрекет етуінің бірінші кезеңінде қан жүру және тыныс алу орталықтарын қоздырады, екінші кезеңінде керісінше оларды қалжыратады. Егер шылым шегетін адамның тамырын басып көрсек онда түтінді бірінші рет жұтқанда жүректің соғуы бәсеңдейді, одан соң жиелей бастайды да қан тамырларының қысымы артады. Бұған сигареттен келетін көміртегі оксидінің қандағы холестеринді көбейтіп атеросклерозды күшейтетінін қосу керек. Жалпы алғанда шылым шегу жүрекке жағымсыз әсер етеді, шылым шегетіндер арасында екіесе инфарктке ұшырау мүмкіндігіне шалдығады. Қан тамыры ауырған кезде жүректен қанның жүрісі нашарлайды, оған оттегінің жеткізілеуі кемейді. Көміртегі оксиды қандағы оттегінің тканьға жеткізулігіне кедергі жасайтындығынан жағдайды қиындата түседі.Сонымен, көміртегі оксидының әсер етуі қан тамыры ауыратын адамдардың миокард инфарктіне ұшырау ықтималдығын арттырады.

Шылым асқазан жарасының себепшісі - әр тартылған сигареттен кейін асқазанда гастриттің белгілері пайда болады. Әуелгі кезде асқазанның жиырылуы төмендейді де никотиннің белгілі мөлшелерінен кейін керісінше арта түседі, қарын сөлінің бөлінуі тежеліп, осының нәтижесінде тәбет жойылады. Бұл гастриттік құбылыстың бәрі асқазан бұлшық еттерінің тырысып тартылуына әкеліп соқтырады. Осыдан келіп астың қорытылуы баяулап іш түйіледі, жүрек айныйды, кейде адам құсады. Шылым шегу қан тамырларын тарылтады, ішкі мүшелердің қан айналымын бұзып асқазанның кілегейлі қабықшасымен аш ішекке жара шығу қауыпын туғызады. Ішкі мүшелер жұмысының бұзылуын шылым шеккен кезде никотиннің сілекеймен бірге асқазанға барып түсуінен кейін оның нейросекреторлық және моторлық белсенділігіне қоздырғыштың әсер ететінен деп түсіну керек. Адамның ішек- қарны көрікті мезгіл – мезгіл қабылдап бір қалып жұмыс жасауға дағдыланған. Темекі уының ішек- қарынға барып түсуі оның жұмыс ырғағын бұзады.

Шылым аяқ гангренасының себепшісі. Аурудың бірінші сатысы – аяқтың мұздауы, өңінің қашуы, саусақтарының жансыздануы сияқты елеусіз белгілерден білінеді. Сонан кейін қанның жетіспеуінен адам ақсаңдай бастайды. Дәл осы кезде табанның сырт жағынан үлкен башпайға қарай өтетін қан тамырларының соқпайтындығы анықталады. Аяқты жоғары көтерген кезде қанның жетіспеуінен табан терісі кенет бозарып төмен түсіргенде көгеріп - күрен тамырда қанның аздығын білдіреді.

Темекі жас өспірімдер үшін өте зиянды, өйткені никотин  олардың балдырған ағзасын тез  уландырады да дұрыс өсуіне кедергі  жасайды.

Әйелдердің темекіні пайдалануы әр кезде  жаман әдеттің нышаны деп танылып айыпталады. Сондықтан темекіге әуес қыз – балалар мен әйелдер тереңнен ойлануға тиісті.

Темекінің зияны:

  • Ас қорытуға
  • Асқа деген тәбетті қайтарады.
  • Ас қорытуды қиындатады.
  • Тісті сарғайтып, ауызды сасытады.
  • Асқазанда жара пайда болады.
  • Ерін, тіл және өңеш рагына жол ашады.
  • Тыныс алуға
  • Жөтел және қақырық пайда болады.
  • Созылмалы тыныс жолдары қабынуына әкеліп соқтырады.

Көмекей және өкпе рагына тап болушылардың 90 пайызының себебі темекіден.

Қан айналымына зияны:

  • Тамырды қатайтады (атересклероз).
  • Қол, аяқ тамырлары бітеді, гангрена (тән талшықтарының жансыздануы, шіруі) пайда болып, қол – аяқ кесіліп, кемтарлыққа дейін апарады.
  • Миды қамдайтын тамырларды да қатайтып, салдануға себепші болады.
  • Жүрек ауруларына, әсіресе жүрек бұлшық еті инфарктіне (жүрек ұстамасы) қолайлылық туғызады.
  • Есте сақтау қабілетін азайтады.
  • Көңілсіздікке душар етеді.
  • Ұйқыны азайтады.
  • Теріге әжім түсіреді.
  • Темекі тартатындардың төңірегінде темекі тартпайтындар да уланып, мазасызданады

Қатерлі ісік (рак) ауруларынан  қаза болған әр 100 адамның 90-ы шылым  шегетіндер екен.

Темекі түтіні автомобиль түтінімен салыстырғанда 4 есе улы.

Егер адам 15 жасында шылым шегуді бастаса, оның өмір ұзақтығы 15 жылға қысқарады.

Медицина қызметкерлерінің болжамы бойынша, көп кешікпей темекі бүкіл жер бетінің 10 пайыз тұрғындарын о дүниеге аттандырады.

Түтінді әр жұтқан сайын адам өмірі қысқара түсетіндігі ғылымда дәлелденген.

Дүниежүзі ғалымдары бір ауыздан қорытындыға келген; өкпе рагы ауруларының 90 пайызы шылым шегетіндердің үлесіне тиеді.

Егер шылым шегушілер күніне 20 тал темекі шексе, олардың өкпенің қатерлі ісігі  ауруына шалдығу қаупі өзгелерге қарағанда 10-15 есе артады..

Туберкулезбен ауырған ересек 100 адамның 95-і ұзақ уақыт темекі тартқандар.

Еркектер және әйелдер арасындағы жыныстық тәбетсіздіктің басты себептерінің бірі - никотин.

Темекі түтініндегі ең көп заттар - шайыр (смола), көмір тотығы, канцерогендік заттар және иондалған қорғасын.

Әлемде әр 13 секундта бір адам, әр 65 секундта бес адам темекі кесірінен көз жұмады.

Спортта өнер көрсетіп жүрген адам шылым шегуді бастаса, оның көрсеткіштері 40 пайызға күрт төмендейді.

Егер 100-120 миллиграмм никотинді адамның тамырына жіберсе, ол кісі  сол сәтте-ақ о дүниелік болады.

40-50 жасқа дейінгі еркектердің арасында жүрек ауруынан қайтыс болғандардың 80 пайызына темекі себеп болған.

Аяқ тамырларының тығындалуының 90 пайызы темекінің салдары.

Темекі салдарынан өмірімен қоштасқан адамдардың саны есірткі салдарынан өмірмен қоштасқан жандар санына қарағанда 13 есе көп.

Күніне 1 қорап темекі тартатын адамның денесінде 20 жылда 7 кг күйе мен қарамай жиналады.

Әлемде  болған өрттің 70 пайызына темекі тұқылының өшірусіз қалуы себепші  болған.

 Егер темекіні тастасаңыз:

24 – сағаттан кейін жүрек талмасы қаупі азаяды.

2 – күннен кейін дәм мен иіс сезу жағдайы әдеттегі адамдамен теңеседі.

3 – күннен кейін тыныс алу қалыпты жағдайға жетеді.

3 – айдан кейін өкпе әдеттегіден 30 пайыз артық жұмыс жасайды.

1 – жылдан кейін жүрек ауыру қаупі 50 пайызға азаяды.

10 – жылдан кейін өкпе рагіне шалдығу қаупі темекі шекпеген адамдікмен теңеседі.

15 – жылдан кейін жүрек пен қан қысымы ешқашан темекі шекпеген адамдармен бірдей болады. Темекі – адам денсаулығына қауіптілігімен қатар өзіне тәуелді ететін өнім. Ашығында темекіні тастау адамның мықты ниетіне, ерік-күшіне, сабыр-төзіміне көп байланысты. Әсілінде, адамдардың нәпсісіне тыйым сала білетін ең тамаша уақыт – ораза ұстайтын қасиетті рамазан айы. Ораза ұстаған адамның күні бойы темекі тартпағанына қарағанда, біраз сабыр көрсетіп, басқа кездерде де осы күйін жалғастырса, бір ай ішінде темекі дертінен құтылуға болады

Темекі санын күн сайын азайтып, ақырында ада-күде арылуға болады. Темекі тастаған соң, оны қайтадан тартпау керек. Темекі есіңе түскенде басқа бір істермен айналысқан жөн. Қатты қиналсаңыз, Алла Тағалаға дұға етіңіз. Рас, исламда темекі кіші күнәлардың қатарына жатады. Бірақ, алты кіші күнә қосылып бір үлкен күнәні құрайды екен. Үлкен күнә жасамай, Аллаһтан қорқыңыз. Сол сәт темекі құмарлығыңыз бәсең тартады

Темекіден аулақ болыңыздар! Дендерің сау болсын!

СӨС  дәрігері Ташимова К.К.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

image Сілтемеден өту

Өз емханаңды табу

Сілтемеден өту
image Сілтемеден өту

Медициналық ұйымға тіркелу

Сілтемеден өту
image Сілтемеден өту

Дәрігерге жазылу

Сілтемеден өту
image Сілтемеден өту

Дәрігерді үйге шақыру

Сілтемеден өту
 
01.png02.png04.png05.png06.png