Жамбурчинова Айнагуль Нурахметовна
Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы
Темекі шегу көбінесе тек қана еркектердің мәселесі деп қараймыз, өйткені бұл әдетті ең алғаш еркектер қолданған, сол себепті олар бірінші болып жүрек ауруына, өкпенің қатерлі ісік ауруына шалдыққан 13-18 жастар аралығындағы бойжеткен қыздар арасында темекі шегу күрт өсуде.Сонымен қатар шегілген темекі саны да өсуде.
Егер де 1969 жылы 1-қорап шылымды бір күнде он қыздың біреуі ғана шексе, ал 1977 жылы он қыздың төртеуі шеккен.
Алпысыншы жылдары шылым шеккен ер балалар қыздардан үш есе көп болса, ал қазіргі уақытта бұл көрсеткіш тепе-тең болып отыр.
Қазір жағдай өзгерген, әйелдерде еркектер мен қатар темекі шегіп, олар мен қатар өлімге душар болуда. От басында және қоғамда әйелді үлгі етеді, одан өнеге алуға тырысамыз сондықтан әйел тәрбиесінің маңызы өте зор.
Бүгінде темекі шегетін еркектер темекі шегетін әйелдерден 4-есе көп
Бірақ темекі тартатын еркектер саны азайса, темекі тартатын әйелдер саны өсуде.
Әйелдер арасындағы темекі шегушілердің көбі білімі аз, тұрмысқа шықпаған немесе ажрасқандар және күйеусіз балаларын өзі тәрбиелейтін әйелдер.
Темекі шеккіш әйелдер өкпенің қабынуына, обструкциялық ауруына 5-есе жиі шалдығады және еркектерден ертерек аурады екен.
Көз алмасының тамырларының қабынуынан соқыр болып қалу 2-есе көп кездеседі
Никотин жүрек соғысының жиі болуын ұлғайтады, үнемі жиі жүрек соғу-тахикардия оқымыстылардың ойынша, еркектерден гөрі әйелдер арасында қатерлі жүрек аурулар тудыратын фактор болып табылады.
Егерде әйел шылым шегіп, оны мен қатар контрацептивті дәрілерді ішсе ол кісіде жүрек инфарктының болу қатері 20-есеге өседі
Никотин ағзадағы әйелдің эстроген деп аталатын әйелдік басты гормонның шығуын азайтады, ал бұл гормон ми жұмысына үлкен қуат береді, соның салдарынан әйел миының жұмысы саябырлайды сол себепті ақылы азаяды.
Шылым шегетін ананың болашақ баласына тигізетін зардабы өте қауіпті.
Темекі шегу және темекі түтінін жұту іштегі ұрықтың дамуына кері әсерін тигізіп, оны өлімге, түсікке немесе уақытынан бұрын тууына әкеліп соқтырады.
Темекі түтінінің құрамындағы көміртегі және никотин жатырдағы болашақ нәрестенің өсуіне ықпалын тигізеді өйткені оттегінің жеткізілуі күрт азаяды.
Сонымен қатар темекі түтіні кіндік арқылы нәресте қанына жеңіл өтеді де ағзада тұншығу яғни қанда оттегінің болмауы байқалады содан барып қайғылы статистикалық көрсеткіш,ананың шеккен шылымының саны мен жасанды түсіктің тура қатысы бар екені дәлелденген. Кеннеттен болатын жасанды түсік 30-70℅ дейін көбейюде.!Темекі шекпейтін әйелдерде түсік 7,4℅, ал темекі шегетіндерде 22,5℅ -41℅ ! дейін барады.
Темекі шегетін аналардың нәрестесінің өлімі 52℅ асып түседі. –Ал 96℅ түсік себебі темекі шегетін әйелдер екен.
Уақытынан бұрын, шала туатындар да күнбелікті темекі шегетін әйелдердің шеккен темекісінің санына байланысты екен.
Темекі шегетін аналардың балаларында ықтиятсыздық, пайдасыз шапшаңдық, ұғу қаблетінің ортадан төмен болуы жай балаларға қарағанда ерте байқалады. Бұл балаларда көбнесе «жеңілтек Фила» деп аталатын синдром пайда болады-бұндай балалар әдетте қатыгез және өтірк айтуға бейім келеді
Ағылшын дәрігерлерінің дәлелдеуінше, жүкті кезінде темекіні тастамаған аналардындың балаларында 40℅ ға дейін психикалық аутизм ауруына шалдығу қатері өсуде-ол адам өз қоршаған ортасын тіптен түсінбейді, ешкіммен араласа алмайды және дүниені өз бағытында ғана пайымдайды.
Осындай дәлелдерді түсіндіре келе, ғалымдар бұның бәріне ұрықта оттегінің жетіспеушілігі кінәлі деп санайды.Соныме қатар никотин психикалық қызметке жауап беретін жеке бір генге ықпалын тигізуі мүмкін деген тұжырым бар.
Темекі шегетін аналардың балаларының бұзақылыққа бейім келетінін байқаған Жүкті кезінде темекі шеккен және темекіні тастамған әйелдердің балаларының үштен бірі басқаларға қарағанда 16 жасқа таман диабетке немесе семіздікке шалдығу қатері бар.
Бойжеткендер мен әйелдерді темекі шегуге баулудан қорғау керек.
СӨС дәрігер
Ташимова К.К.