Жамбурчинова Айнагуль Нурахметовна
Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы
Миқұрт (менингит) — өте қатерлі ми ауруы, бұл кесел ми мен жұлынның жұмсақ қабықтарының қабынуынан туындайды.
Себебі: Оның қоздырғышы менигококк бактериясы ол көбінесе іріңді менингит тудырады. Менингит жұқпасы тамшылы-ауа жолымен таратылады. Менингококк жұқпасы жақын ара қатынаста жылдам жұғады. Бұл кеселмен көп жағдайда балалар ауырады
Аурудың бас көтеруі,көбнесе қыс-көктем айларында болып, 10-20 жылдар аралығында қайталанып отырады.
Аурудың даму жолы: Жұқпа ағзаға мұрын-кеңірдектің кілегей қабаты арқылы енеді, менингит бактериясы жөтелу кезінде де ауа арқылы жұғады. Мұрынға, жоғарғы тыныс жолдарына түскен бактерия жұлынға жетіп, қан айналымына еніп, қоздырғыштарды күшейтеді. Сонымен қатар ол басқа шешек, мысқыл(паротит) көкжөтел немесе құлақтың қабынуы сияқты аурулардың асқынуынан болады Кейде денеге түскен жарақаттан, құрт ауруынан, тұмау мен іш сүзегінен де пайда болады.
Менингит – адам көп шоғырланатын жерде еркін дамып, ауаға тарайды. Ол ауамен тыныстаған адамның міндетті түрде қоздырғыш бактерияны жұқтырып алатыны белгілі. Адам көп жерде жұқпалы ауру ошағы болады. Сондықтан гигиеналық талап орындалмаған жерде аталған ауру қоздырғышын жұқтырып алу да қиын емес. Мәселен қоғамдық тамақтану орындары, монша, жүзу бассейндері мен су қоймалары, көлшіктер бұл ауруға «жағымды» орта қалыптастыра алады. Сөйтіп, ауру ошағы пайда болады.
Ертеде бұл аурумен науқастанған жан ем табылмауы себебінен көп өмiр сүрмеген. Ал, бүгiнгi таңда жетiлген медицинаның көмегiмен құлантаза айығып кететiн адамдар саны артып келедi.
Белгілері: Ауру кенеттен басталып, науқастың дене қызуы 38-40градусқа дейін көтеріледі, басы ауырады, құсады. Ал бір жасқа дейінгі балалардың іші өтуі де мүмкін. Былай қарағанда бұл белгілері тұмауға ұқсайды. Сондықтан көп адам ауруды асқындырып алып жатады. Үйде, өзіндік жолмен емделеді, тәуіпке барады немесе мүлдем басқа дәрілік препараттарды қабылдайды. Ауру балаларға үйір келеді. Себебі олардың иммундық жүйесі толығымен қалыптаспаған. Сондықтан қоздырғыштар бала ағзасына тез жұғады. Жоғарыда айтылғандай, ауруды бірден анықтау мүмкін емес. Жасырын түрде өрбитін ауруды кей ата-аналар баласының тіс жаруымен байланыстырып жатады. Баланың құсуы мен мазасыздануы, үнемі жылай беруі тіс жарған кездегі белгілерге ұқсағанымен, олай болмауы да мүмкін. Көп ата-ана осы уақытты өткізіп алып, бармақ шайнап қалатын кездер аз емес. Ал емделу уақыты өтіп кеткен баланы аурудан айықтыру оңай шаруа емес. Көп жағдайда бала өліп кетеді. Ал кейде ми жасушалары қатты зақымданып, ақыл-есі дұрыс дамымай қалады. Ауру дер кезінде анықталып, тиісті ем жасалса айығып кету мүмкіндігі 100 пайыз.
Миқұртпен ауырған адам шалқалақтай береді. Басын еңкейтіп, иегін кеудесіне жеткізе алмайды, тізелері де толықтай жазылмауы мүмкін. Ыстығы түспей, сандырақтап сөйлей бастайды, есін жоғалтады. Қарқылдап күліп не қатты жылауы мүмкін. Денесі құрысып (судорога) қалады. Ата-анасы ауырған баладан осындай белгілерді байқаса, тездетіп аймақтық дәрігерді емес, бірден жедел жәрдем шақыртқаны дұрыс. Себебі бұл ауру өте күрделі және шұғыл емді қажет етеді.
Жедел жәрдем: Жоғарыдағы белгілер пайда болған жағдайда,менингит ауруына күдік туғызса, ауруды жекелендіріп, міндетті түрде жедел жәрдем шақыру керек
Медицинада қолданылатын әдіс бойынша, менингитті анықтау үшін ауырған адамның жұлынынан міндетті түрде су алынады. (пункция) Әйтпесе, нақты диагноз қою мүмкін емес. Жұлыннан су алу, керісінше, аурудың бас ішіндегі қан қысымын төмендетеді. Егер науқас миқұрт болса, онда жұлыннан алынған су мөп-мөлдір болуы тиіс. Сол арқылы ем-дом тағайындалады. Бір апта антибиотиктермен емделгеннен кейін, екінші рет пункция яғни жұлыннан сары су алынады. Ал бала денсаулығына пункциядан келетін зиян жоқ. Кейде асқынған менингиттің салдарынан сал ауруына немесе оның жеңіл түріне душар болуы мүмкін. Дер кезінде қажетті ем-домын алса, науқас құлан-таза жазылып кетеді. Жалпы, миқұрт иммунитеті әлсіреген адамға да үйірсек болады.
Диспансерлікесепке алу: Менингитпен ауырған ауру 2 жыл бойы диспансерлік есепте тұрып,участкелік дәрігердің бақылауында болу керек.
Аурудың қай-қайсысы да оңай емес, алайда «менингит» деген сөзді естігенде кез келген кісі тіксіне қалады. Бұл аурудың жедел және созылмалы түрі болады, ең күрделісі – менингиалдық синдромы. Егер сіз өзіңізден немесе жақындарыңыздың бойынан жоғары температура, бастың қатты ауыруы және мойынның шалқаюы белгілерін көрсеңіз, дереу медициналық көмекке жүгініңіз. Сондай-ақ мұндайда баланың өңі кірмейді, сұлқ түсіп жата береді, басы мен мойынын артқа шалқайтып ұстайды. Ту сыртының да шалқайып кететіні сондай, бала басын тізесінің арасына келтіре де алмайды. Сондықтан дәрігерге жиі қаралып, баланы да, өзіңізді де шынықтырып, иммундық жүйені көтеруге тырысыңыз. Аталған аурудан ешкім сақтандырылмаған.
Менингит ауруынан сақтандыру: Ауырған адамның от басы мүшелері 10 күн бойы медициналық бақылауда болады. Олар менигококк бактериясының тасмалдаушысына тексеріледі.Балабақша, мектепке баратын балалар бактериалық тексерістің нәтижесі теріс болғанға дейін балалар мекемелеріне жіберілмейді.
Салауатты өмір салты дәрігері
К.Қ.Ташимова