Жамбурчинова Айнагуль Нурахметовна
Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы
Еуропалық иммундау апталығы аясында №86 мектеп-гимназиясы мен А.Байтұрсынұлы атындағы Бином мектебінде №15 Қалалық емхана қызметкерлері жоғары сынып оқушыларына «Жұқпалы аурулардың алдын алудағы иммундау шараларының маңызы» тақырыбында семинар өткізді. Семинарға дейін және одан кейін 200-ден астам жоғары сынып оқушыларының иммундау туралы алған білім деңгейін бағалау мақсатында сауалнама жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты: өз денсаулығын сақтау үшін уақытылы иммундау маңыздылығы туралы ақпараттандыру.
Вакцинация барлық жастағы адамдар үшін маңызды. Ұлттық иммундау бағдарламалары иммундық жүйенің вакциналарға әр түрлі жаста қалай жауап беретінін және қай кезеңде ауыр сырқаттану қаупі жоғары екенін ескереді.
Көкжөтел – бұл спазмодикалық жөтел шабуылдарын тудыратын тыныс жолдарының инфекциясы. Көкжөтел әсіресе нәрестелер мен жас балалар үшін қауіпті. АКДС-вакцинасының көмегімен көкжөтелдің алдын алуға болады.