Жамбурчинова Айнагуль Нурахметовна
Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы
26.02.2018 ж. әлеуметтік қызметкерлер «Бала күтіміндегі демалыс 2018 және Қазақстандағы балаларға жәрдемақы. Қазақстандағы жүктілік және босану бойынша жәрдемақылар, ҚР заңнамаларындағы өзгерістер» тақырыбында әңгіме жүргізді.
Барлық жүкті әйелдер, жұмыс істесе де, істемесе де, жеңілдіктер мен жәрдемақылар алуға құқылы. Қаржылай көмекке мемлекет кепілдік береді, дегенмен бұл көмектің көлемі әйелдердің ресми жұмысқа орналасуына байланысты беріледі. Жүкті әйелдерге қандай жәрдемақылар төленеді және оларды алу үшін не қажет?
Бала туу бойынша жәрдемақы – бұл жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін аналарға әлеуметтік көмек . Толық ақпаратты біздің сайттан http://niet-astana.kz ала аласыздар.
Аталған мемлекеттік қызмет қазақстандықтар үшін биыл қолжетімді болады. Бұл жаңалық міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ақпараттық технологияларды енгізу және дамыту шеңберінде іске асырылады. Қызмет «электронды үкімет» порталында және Халыққа қызмет көрсету орталықтарында қолжетімді болады. Әрбір азамат міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне өзі үшін жасалған аударымдарды қадағалау мүмкіндігіне ие болады.
Сонымен қатар, 2018 жылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтарды емханаларға тіркеу бойынша мемлекеттік электрондық қызметті ұсынатын технологияны жетілдіруді жоспарлап отыр.
2018 жылғы 10-шы қаңтардағы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақсатн халқына жолдауы «Төртінші өнеркәсіптік ревалюция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» түсіндіру мақсатында, сонымен қатар «ҚР міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі» бойынша ақпараттың түсіндіру жұмысына байланысты 6-шы ақпанда ОДО «Ниет» бас дәрігері А.Н.Жамбурчиновамен СӨС дәрігері К.К.Ташимовамен бірлесе отырып «Промышленный» алабы тұрғындарымен кезекті кездесу өткізілді.