Жамбурчинова Айнагуль Нурахметовна
Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы
Жоспар бойынша 27.10.2023 ж. Белсенді ұзақ өмір сүру мектебінде "Қалқанша безінің аурулары, белгілері, алдын алу және емдеу" тақырыбы бойынша сабақ өткізілді. Дәріскер № 15 ҚЕ эндокринолог дәрігері Мырзағалиева Ж.К. болды.
Сондай-ақ, барлық қатысушыларға медбике Абденбаева А.К. қан қысымын, қантты және зәр қышқылының деңгейін өлшеді. Барлығына көрсеткіштер түсіндіріліп, ұсыныстар берілді.
Жыл сайын 24 қазанда Дүниежүзілік полиомиелитпен күрес күні атап өтіледі.
Бұл сал ауруын тудыра отырып, ми мен жұлынға әсер ететін полиовирустан туындаған ауыр және тіпті өлімге әкелетін жұқпалы ауру. Оған әсіресе балалар бейім.
Полиомиелитті емдейтін дәрі жоқ. Вакцинация - балаларды қорғаудың және аурудың таралуын тоқтатудың жалғыз жолы.
Бүгін №15 Қалалық емханада Республика күніне орай салтанатты жиналыс өтті. Осы күнге арнайы біздің қызметкерлерді марапаттау өтті:
- Медбике Байқадамова Айгүл Мәмбетайқызы "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төсбелгісімен марапатталды;
МСАК бойынша Алматы декларациясының 45 жылдық мерей тойына, МСАК бойынша Астана декларациясының 5 жылдық мерейтойына, ДДҰ-ның 75 жылдық мерейтойына арналған МСАК бойынша Жаһандық конференция өткізу шеңберінде Ботаникалық бақта «Сөзден іске/ Walk the talk/ От слов к делу» ұранымен қысқа қашықтыққа жүгіру дәстүрлі акциясы өтті. Жүгіруге №15 Қалалық емхананың қызметкерлері де қатысты.