МӘМС жүйесінде сақтандырылған адамдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру ұсынатын медициналық көмектің кеңейтілген спектріне ие болады. МӘМС келесі медициналық қызметтерді қамтиды:
- профилактикалық медициналық тексерулер
- учаскелік дәрігердің нұсқауы бойынша арнайы маманданған дәрігердің қабылдауы және кеңес беруі
- созылмалы дертке шалдыққан жандардың бейінді мамандардың бақылауында болуы
- халықтың белгілі бір категориясына шұғыл және жоспарлы түрде стоматологиялық көмек көрсету
- диагностикалық қызметтер, оның ішінде лабораториялық диагностика (УЗИ, рентген, КТ, МРТ)
- мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы, стационарлық медициналық көмек
- медициналық оңалту
- стационарда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.