Жамбурчинова Айнагуль Нурахметовна
Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы
Туберкулез - ауру адамнан сау адамға жұғатын жұқпалы ауру. Аурудың қоздырғышы-туберкулез микобактериялары. Инфекцияның негізгі көзі туберкулездің белсенді түрімен ауыратын науқас болып табылады, ол жөтелгенде немесе түшкіргенде қақырық және басқада бөлінділер арқылы туберкулез таяқшаларын сыртқы ортаға бөледі.
Туберкулез ауруының негізгі клиникалық белгілері:
- дене қызуының (37,5º С) көтерілуі,
- жөтел (құрғақ немесе жеңіл бөлінетін қақырық),
- әлсіздік,
- тершендік (әсіресе түнде);
- тәбетінің болмауы;
- дене салмағының төмендеуі;
- кеуде қуысының ауруы;
Диагностикалық тұрғыдан аса маңызды белгілерінің бірі - 3 апта бойы қайтпайтын жөтел, қақырық тастау, дене салмағын жоғалту болып табылады. Алайда, бұл белгілер туберкулезге ғана тән емес, сонымен қатар кеуде қуысының басқа органдарының ауруларына ұқсас болуы мүмкін, сондықтан мұндай белгілер пайда болған кезде өзін-өзі емдеуге болмайды. Дереу медициналық мамандарға хабарласып, зертханалық және аспаптық тексеруден өткен жөн.
Туберкулез ауруының алдын алудың басты шарттары:
1. Әр адамның өз денсаулығына немқұрайды қарамауы;
2. Денсулығына шағымдары болған жағдайда дер кезінде дәрігерге қаралуы;
3. Жылына 1 рет флюорографиялық тексеруден өтуі;
4. Толыққанды, сапалы тамақтануы;
5. Бөлмелерді жиі желдендіру;
6. Балалар арасында туберкулез ауруының ерте кезінде анықтау үшін 14 жасқа дейінгі балаларға Манту сынамасы қою;
7. Жаңа туған нәрестелерге БЦЖ вакцинациясы нәрестенің туылғаннан кейінгі алғашқы төрт күн ішінде егу кабинетінде жүргізу.
Балаларды ерте кезде екпемен қамту оларды туберкулездің ауыр түрлерінен қорғайды.
Өзіңізді қорғаңыз және денсаулығыңызды сақтаңыз!
Тіркеу телефоны:
87172266414
87172280478
87172266415