Қош келдіңіздер

«Астана қаласы әкімдігінің «№15 қалалық емхана» ШЖҚ МКК

Сіздерді Астана қаласының медициналық мекемесі - "№15 қалалық емхана" сайтында қарсы алуға қуаныштымыз!

Есіңізде болсын! Денсаулық-бұл Сіздің әл-ауқатыңыздың негізі! Жоғары білікті мамандар денсаулығыңызды жақсарту үшін, оны нығайтуға әрқашан дайын!
image

Бас дәрігердің блогы

Өту

Директор

Жамбурчинова Айнагуль Нурахметовна

image

ТМККК

Өту

ТМККК

Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі

image

МӘМС

Өту

МӘМС

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

image

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Өту

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы

image Сілтемеден өту

Дәрігерлердің жұмыс істеу уақыты

image Сілтемеден өту

Қызмет көрсету аумағы

image Сілтемеден өту

Профилактикалық және әлеуметтік-психологиялық қорғау бөлімшесі

image Сілтемеден өту

Рубрика - Бұл қызықты!

 

А вирусты гепатитінен сақтану керек!

А вирусты гепатит- бұл бауырдың зақымдануымен және ағзаның уыттануымен сипатталатын жіті ішек инфекциясы. Қазіргі кезде бұл аурудың қоздырғыштары 5 түрлі вирустар анықталған. Олар: А,В,С,Д,Е вирустары болып табылады. Бұл вирустар бөлме температурасында бірнеше апта, +40С бірнеше ай, - 20С бірнеше жылға дейін сақталады. Ультракүлгін жарықтарға және түрлі дәрілеу құралдарына сезімтал. Қайнатқанда тез бұзылады.

Бүкіл әлемде вирусты гепатит көп тараған ауру болып табылады. Бұған 2 фактор мүмкіндік туғызады, атап айтқанда 1-шіден таралу жолдарының көптігі. Вирустың таралу жолдарына байланысты гепатиттер екі топқа бөлінеді.

 

  1. Ол тұрмыстық байланыс және тағамдық жолдармен таралатын гепатиттер (А және Е гепатиттер)
  2. Парентеральдық жолмен яғни қан арқылы (В,С,Д) таралатын гепатит.

Біздің елде жыл сайын вирусты гепатитке 27-30 мыңға жуық адам шалдығады олардың 85 пайызы гепатиттің А-түріне шалдыққандар құрайды. Ал А-түрімен ауыратындардың ішінде 80 пайыздан астамы балалар. Сондықтан қарым-қатынас арқылы әрі тамақ арқылы жұғатын А гепатиті көбнесе балалар арасында, бала-бақшада, мектепте жатаханаларда, кісі көп жиналған жерлерде кездеседі. Сонымен қатар гепатиттің бұл түрі мерзімділігімен сипатталады. Біздің аймақта әсіресе күз, қыс айларында бас көтереді. Жұқпа көзі ауырған адам болып табылады, әсіресе ол аурудың бастапқы кезінде яғни терісі, көзі сарғаймай тұрып өте қауіпті. Бұл кезде тым жұқтырғыш болып келеді, сары ауру кезінде оның жұқтырғыштығы төмендейді. А гепатиті  адамнан адамға су, тағам және байланыс арқылы жұғады. Яғни жұқпаның жұғу факторлары болып су, тағам, жеке тазалық заттары, ойыншықтар  болып табылады. А вирусты гепатитінің жұғуындағы негізгі рөлде «кір қолдар» факторы болып табылады. Аурудан соң өмірлік иммунитет қалыптасады.

Клиника: Ауру ағымы кезеңді: инкубация, сарыауру алды, сарғаю және сауығу кезеңдері.

Инкубация – яғни ағзаға жұқпаның түскен кезінен бастап алғашқы клиникалық белгілердің пайда болуына дейінгі уақыт 7-30 күнге созылуы мүмкін.

Сарыауру алды кезеңі 3-7 күнге дейін созылады. Ауру жіті басталады, дене қызуы 37-39С дейін көтеріледі. Науқаста әлсіздік, құсу, тәбетінің төмендеуі байқалады. Науқастардың 40-60 % тұмау тәрізді басталады. Сондықтан науқастар өз бетімен емделеді, яғни антибиотиктерді және басқада дәрілерді қабылдайды. Сарыауру алды кезеңіінің соңында науқастардың зәрі қарая түседі, көз шырышты қабаты және терілері сарғаяды, яғни сарыауру (өршу) кезеңі басталады. Дене қызуы қалыпқа келеді. Сарғаюға зәрдің қараюына нәжістің ағаруы қосылады. Науқастар дәрігерге көрініп, ауруханаға жатқызылады. Сарыауру кезеңінің ұзақтығы 2 апта. Науқастарды тексергенде олардың бауыры,  көк бауырының ұлғайғандығы байқалады. Сауығу кезеңінде науқастың жағдайы жақсарады, сарғаю және басқа да белгілер өше бастайды. Бұл кезеңнің ұзақтығы 1-2 ай болады. Ал кейбір жағдайларда А-гепатиті сарғаймайтын түрде өтеді. Бұл жағдайда диагноз эпидимиологиялық клиникалық және зертханалық мәліметтер бойынша қойылады. Егер науқас уақытылы көмек сұрамаса немесе өз бетімен емделсе гепатит ауыр түрде асқынып кетуі мүмкін.

Алдын алу жолдары: Жұқпа ошағында медициналық бақылау және залалсыздандыру жүргізіледі. Науқаспен байланыста болғандар 35 күнге бейін бақылауда болады. Жұқпаның алдын алу үшін су және азық-түліктерді дұрыс қолдану бойынша эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіледі. Әр адам өз жеке басының тазалығын ұстау керек. Тамақтанар алдында және дәретханадан кейін қолды сабынмен мұқият жуу керек, ішуге тек қана қайнаған су немесе бөтелкедегі минералды дайын  сатылатын суды ішу керек. Әр адамның өз ыдыстары болу керек, сонымен қатар өзін күту мақсатында жеке бас құралдарын пайдалану дұрыс ( тіс щеткасы, сақал алу ұстарасы, төсек орын, сүлгі, бет, қол орамалдары т.б).

Қазіргі уақытта А гепатитына қарсы вакцина бар. Вакцинадан соң иммунитет 25 жасқа дейін қалыптасады. Егерде жоғарыда аталған клиникалық сипаттамалардың бірі пайда болса міндетті түрде дәрігерге қарану керек.

ОДО «Ниет»

СӨС дәрігері

Ташимова Көкенай Қайыргелдіқызы

Соңғы жаңалықтар

image Сілтемеден өту

Өз емханаңды табу

Сілтемеден өту
image Сілтемеден өту

Медициналық ұйымға тіркелу

Сілтемеден өту
image Сілтемеден өту

Дәрігерге жазылу

Сілтемеден өту
image Сілтемеден өту

Дәрігерді үйге шақыру

Сілтемеден өту
 
01.png02.png04.png05.png06.png